Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 9-11-2018, 07:09, посмотрело: 1 755

23 Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «Мектепке жол» республикалық акциясының ұйымдастырылуы және өтілуі жайлы

АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №3-15-3/2530-И тапсырысын, облыс әкімінің 1.08.2018 жылғы №92-ө-н/қ өкімін, Алматы облысы, Кеген ауданы әкімінің 01.08.2018 жылғы №24-ө-н/қ, Алматы облысы «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 01 тамыз 2018 жылғы №5 бұйрығын басшылыққа ала отырып, 01 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясының ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы мектепішілік бұйрық шығарылып, ұжым мүшелеріне таныстырылды, акция жарияланды.
«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитетінің құрамы белгіленді, мектепішілік іс – шара жоспары жасалып, бекітілді. Акцияны ұйымдастыру комитетінің отырысы өтілді.
«Мектепке жол» акциясының жариялануы барысында акцияның мақсаты мен міндеттері туралы айтылып түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды мектепке баруға жинақтап, мектепке дайындауға көмек көрсету, анықтау мақсатында үйлерді, шаруа қожалықтарын аралау жұмыстары жүргізілді.
29 тамыз күні мектепте «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Акцияға ауыл әкімшілігі, ауылдық ақсақалдар алқасы, мектеп мұғалімдері мен кәсіпкерлер қатысты. Акцияны мектеп директоры Е.Н. Малғараев кіріспе сөзбен бастады. Ауыл әкімі Нарынбаев Қайрат Ұлдаханұлы өз сөзінде өтіп жатқан шараны қолдай отырып, жұртшылықты жетімдерге қол ұшын беруге шақырды.
Акцияға қатысқан ата – аналар комитетінің төрағасы Изентаев Айдын Әбдікерімұлы, кәсіпкелер Абдильбаев Айбек, Дәулетбақов Айбек, Рахметов Дәулетәлі өз алғысын айта отырып, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына көмек қолын созды.
Акция барысынан мектеп ұжымыда сырт қалған жоқ. Атап айтсақ, мектептің «Жаратылыстану» бірлестігін, бастауыш сынып бірлестігін, жекелей ұстаздарКөктеубаева Гүлмира, Оспанбекова Гүлнар, Жұмаділова Ғалия, Малдыбаева Қайыпжамал, Саймасаев Дастан тағы да басқаларын атап өтуге болады
Акцияда оқушы сумкасы және спорттық костюм, мектеп формасы, оқу құралдары, ақшалай қаражат жиналды. Жалпы сомасы 142 000 /жүз қырық екі мың/ теңге.
Осы түскен оқу – құралдарын мектебіміздегі жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына ұйымдастыру комиссияның бақылауымен бөлініп берілді, ақшалай қаражат келесі жылғы жазғы маусымдағы лагерьге жұмсалынатын болып қалдырылды.
Акцияға қатысқан барша мейірімді жандарға алғыс айтылып, акция мектеп оқушыларының шағын концертімен аяқталды.



Мектеп директоры: Е.Н. Малғараев

Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес




Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес