Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 27-12-2018, 03:22, посмотрело: 22 182

391
Алматы облысы Кеген ауданының «Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Малғараев Ерлан Нүсіпбекұлының мектеп жанындағы Қамқоршылық кеңесіне берген 2-тоқсандық есебі.

10.12.2018 жыл
Қамқоршылық кеңесі ҚР Білім және Ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Қамқоршылық кеңес» туралы Ереже, Қамқоршылық кеңес туралы нұсқаулық негізінде құрылған.
Құрамы 9 адамнан, ата-аналар комитеті мүшелері, ауылдағы қоғамдық ұйымдардан, шаруа шаруашылықтардан, кәсіпкерлерден құрамы жасақталған.
Мектепте бүгінгі таңда 256 оқушы, білім алады. МАД тобында 30 бала тәрбиеленуде
Оның ішінде жартылай жетім 11 бала
Әлеуметтік аз қамтылған отбасы 40 бала
Көп балалы отбасы 38 бала
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес
Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағынан толық қамтамасыз етілуі басты назарда . Мектеп асханасынан бюджет есебінен түрлі категориядағы 24 балаға тегін ыстық тамақ берілуде. Бірінші қыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыннан кейін оқушылар қозғалысының есебі алында. Сонымен қоса арнайы комисия құрамы оқушылардың оқу құралдарын, оқулықтары, мектеп формасы қамтылуы, спорттық киімдері, аяқ киімдерінің түгел болуы жөнінде ақпараттық есеп жинаған әкімшілік отырысында қаралды. Нәтежиесінде барлық оқушылардың аталған бұйымдармен толық қамтылғандығы анықталды. Кейбір жанұядағы балаларды шаруа шарушылығының жетекшілері, жеке кәсіпкерлер қамтамасыз еткен.
«Республикалық мектепке жол» акциясынан 142000 теңге қаржы жиналып бірқатар оқушылар оқу құралдарымен, киіммен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта мектепке әлеуметтік педагог штаты беріліп, лауазымдық міндеттері бұйрықпен бекітілді.
Қысқы маусымға оқушылардың, оның ішінде түрлі категориядағы балалардың қыстық сырт киімдері мен аяқкиімдері түгенделуде. Қайрымдылық қоры аясында Омарбекова Айман Тұрғанқызы 2019 жылға «Айгөлек» «Балдырған» атты журналдармен 11 жартылай жетім балаларды қамтамсыз етті, сондай ақ асханадан тегін тамақ ішетін балаларды тәттілермен қуантты.
Әлеуметтік карта бойынша жекеленген отбасыларына арнайы рейдтер жүргізіліп үй жайлардың жалпы жағдайы азық-түліктері, жылылығы, от жағу пештерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі анықталды. Жауапты тұлғалардың қолхаттары жиналды.Қазірше көмекке аса зәру отбасы балалары жоқ екендігі анықталды.



[center]
Мектеп директоры: Е.Н.Малғараев

Майлы Орманов атындағы орта мектебінің «Қамқоршылық» кеңес жиналысының
Хаттамасы №2

Өткізілген күні: 10.12.2018жыл
Қатысқандар: 10

1. Мектеп директорының есеп беру жиналысы
Тыңдалды.
10 желтоқсанда Майлы Орманов атындағы орта мектепте мектеп
директоры Е. Малғараевтың қамқоршылыққа есеп беру жиналысы болып өтті. Мектеп директоры мектебіміздегі жартылай жетім және аз қамтылған отбасы балаларына қол ұшын созып көмек беру қайырымды іс екенін айтып өтті. Мектебімізде осындай оқушылар анықталып олардың үнемі қадағалауда болатындарын атап айтты. Ауылымыздың ардагер ұстазы Омарбекова Айман Тұрғанқызы жартылай жетім балаларға қол ұшын созып көмек көрсетті. Оқушыларды «Айгөлек» «Балдырған» журналдарына жаздырды. Сонымен қатар ыстық тамақ ішетін балаларға тәттілер беріп қуантты. Осындай қайырымды жандар көп болса екен деген тілектеміз. Ұстаздарымыз және ауылымыздың кейбір кәсіпкерлері оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Осы оқу құралдары оқушыларға толықтай таратылып берілді.
Жарыс сөзге қамқоршылық кеңестің мүшесі Қалмұрзаева Әсия сөйлеп өз ойын анық айтты. Қайырымдылық көрсету әр адамзаттың міндеті екенін анықтай түсті. Біз әрқайсысымыз қол ұшын созсақ біздің ауылымызда да , мектебімізде де аз қамтылған және жартылай жетім балалардың еш нәрседен қиналмайтынына көз жеткізді. Сонымен қатар бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты.





Қамқоршылық кеңес төрағасы: А. Изентаев

Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес