С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі" Ана тілі. 3 сынып

Автор: admin от 29-04-2017, 21:07, посмотрело: 2 705

3 С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі" Ана тілі. 3 сынып Сәрпекова Дина
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушылар С.Мұқановтың өмірбаянымен танысады, мәтінді түсініп оқиды, мәтіннің негізгі ойын табады.
Дамытушылық: Оқушылардың табиғаттың заңдылықтарын біледі, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамытады
Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа, жан-жақты болуға тәрбиеленеді, өз бетімен жұмыс істейді.
Күтілетін нәтиже
• Сәбит Мұқановтың өмірбаянымен танысады
• Мәтінді түсініп оқиды.
• Мәтін арқылы табиғаттағы кең ұғымды сипаттайды
• Өмірде табиғаттың заңдылықтарын ажырата алады
• Табиғатты аялауды біледі
• Мәтін арқылы шығармашылық жұмыс жасайды
Топта жұмыс жасау мәдениеті қалыптасады
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, миға шабуыл, Акт, формативтік бағалаулар
Сілтеме Ана тілі оқулығы, сабаққа арналған таныстырылым, С.Мұқановтың портреті

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру 1 мин Ойын «Табиғаттан нені үйрендім?»

Топқа бөлу 1 мин
Жергілікті табиғаттағы атаулар арқылы (Оқушыларды жер, су, тау арқылы 3 топқа бөлу)
Үй тапсырмасы 5 мин
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып


Формативті бағалау
1-ші топқа
2-ші топқа «Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі»
3-ші топқа
Оқушылар флипчарт бетіне түсіреді. (түсіндіреді, қорғайды)
Түйінді сәттер Түсінді, ойы дамыды

Білу 5 мин Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып


Көрсетілім көрсетіледі Әр топқа сұрақтар қояды. Оқушылар топпен ақылдаса отырып, жылдамдата жауап береді
Ойлау белсенділігі артады, бүгінгі тақырыпты пысықтайды.
Түсіну 10 мин
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып


Слайд туралы тақырыпты түсіндіреді. Оқулықпен жұмыс Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды.
С.Мұқанов туралы мәліметті дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар тақырыптың мазмұнын білу керек, сондықтан ізденеді, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, шығармашылықпен айналысады.
Қолдану 5 мин
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып


Формативті бағалау Оқушыларға төмендегі тапсырмаларды береді.
«Табиғатты аяла»
Мөлдірдей таза бол!
Жұлдызың жарық болсын!
Айың оңыңнан тусын!
Көңілің көлдей шалқысын!
Таудай талап бер! Мәтін арқылы табиғаттағы кең ұғымды өмірде қолдана алады. Мақсатқа жету үшін тырысады, жинақталады.

сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерін бағалайды
Талдау 3 мин
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып


Бүгінгі тақырыпты талдау мақсатында жазушы тіліне зер салады, мәтіндегі сөздердердің мағынасына қарай түске бояиды
Оқушылар тапсырмаларды топтық ұжыммен ақылдаса отырып, орындайды
Топтық талқылауға салады, ойланады, ізденеді, өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, мағынасын түсінуге тырысады.
Жинақтау 10 мин
С.Мұқанов. "Көкшенің көрінісі"  Ана тілі. 3 сынып

Топтағы оқушылар сабақтан алған білімдерін жинақтайды
Ата бабамыздың табиғатты қорғау дәстүрі
1 топ «Көкті неге жұлмайды?»
2 топ «Жапалақ пен жарғанатты неге тиіспейді?»
3 топ «Аққуды, елікті неге атпайды?» Әр топқа сұрақ қойылады.
Топта сұрақтар бойынша жұмыстар жасайды. Оқушылар сұрақтар төңірегінде жауапты жылдам іздеп табуы керек. Ойлану арқылы білімдерін саралайды
Бағалау
Сумативті бағалау 4 мин Кесте бойынша
Сабақтың соңында оқушылардың бағаларын жариялайды Топта оқушылар бағалайды

Рефлекция 1 мин Сабақтан алған әсерлерін оқушылар көңіл күйді білдіретін смайликтерді көтереді
Үйге С.Мұқанов « Көкшенің көрінісі» Эссе жазып келу

Категория: Іс-шаралар

 

Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)

Автор: admin от 29-04-2017, 20:29, посмотрело: 2 497

2 Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Информатиктердің аудандық семинары (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)
Оқу сапасын арттыру үшін қоғамдастық құрудың маңызы. Аудандық семинар (коучинг)

Категория: Іс-шаралар

 
 

Ата-аналар жиналысынан

Автор: admin от 29-04-2017, 19:22, посмотрело: 25 352

125
Ата-аналар жиналысынан
Ата-аналар жиналысынан

Категория: Ата-аналарға

 

Әскери жетекші

Автор: admin от 29-04-2017, 19:16, посмотрело: 1 597

3 Әскери жетекші
Майемгенов Азамат Жетенұлы

Әскери жетекші


2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі дене тәрбиесі мен алғашқы әскери дайындық факультетін бітірген. Осы жылы "Райымбек ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасады.
2015 жылдан бастап мектептің әскери жетекшісі болып ауысады.

Категория: Біз туралы / Мұғалімдер

 

М.д тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin от 29-04-2017, 18:57, посмотрело: 1 447

1 М.д тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Сыдықжанова Искра Өскенбайқызы

М.д тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары


1997 жылы Қазақтың Қыздар Педагогтік институтын, 2005 жылы Қазақтың Спорт және Туризм Академиясын аяқтады.
Музыка пәні мұғалімі. Еңбек өтілі: 14 жыл. Санаты: 13
2013 жылдан "Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде музыка пәнінен сабақ береді.
2015 ж мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.

Категория: Біз туралы / Мұғалімдер

 

"Аналайын" ата-аналар комитеті

Автор: admin от 28-04-2017, 15:24, посмотрело: 3 562

11 «Айналайын» ата – аналар комитеті

1. Изентаев Айдын Әбдікерімұлы – ата – аналар комитетінің төрағасы
2. Жүнісбаева Эльза Болатқызы - ата – аналар комитетінің төрағасының орынбасары
3. Дәулетбақова Күлшат – ата – аналар комитетінің мүшесі
4. Қасымбекова Зауре - ата – аналар комитетінің мүшесі
5. Чинибаева Маржан Нұрданқызы – мектепішілік ата – аналар комитетінің жетекшісі

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан да ата – ананың негізгі міндеттері:
- Баланың үздіксіз дамуын қадағалау.
- Бала денсаулығына қамқорлық жасау.
- Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу.
- Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту, болашақ өмірге дайындау.
Мектепте ата-аналар мен мектеп ұжымының бірле атқаратын жұмыстары жоспарланып, жолға қойылған. Мысалы::
- ата - аналарды балаларының оқу нәтижелері туралы хабардар етіп отыру
- ата - аналардың балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету
- қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу
- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу
Желтоқсан айында 1 сынып білім алушылардың ата - аналарымен «1-сынып ата-аналарын жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру» тақырыбымен семинар болып өтті. Мақсаты: білім алушылардың ата-аналарына жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушы білімін бағалаудың ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Семинар барысында ата – аналарға «Қалыптастырушы бағалауға» байланысты бейнефильм көрсетілді. Ата – аналармен топтық жұмыс ұйымдастырылып, оқушы портфолиосы үлгісі, бағалау шәкілі, электрондық журнал, ата-аналарға арналған ашық есік күні туралы таныстылым жасалды. Семинар соңында критериалды бағалауға байланысты «ата-аналарға арналған жадынама» таратылды.
Ата – аналар жұмысын жандандыру мақсатында «Баланың басты ұстазы ата – ана» тақырыбымен жалпы ата - аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібіне:
1. «Жаңартылған білім беру мазмұны, үштілділік». Баяндама - Ғ.Д. Жұмаділова
2. «Конституциялық құқық және міндеттер, ата – ана жауапкершілігі». Баяндама – Г.Қ. Оспанбекова
3. «Компьютер және бала денсаулығы. Мәлімдеме – Р.С. Сыбанқұлова.
4. «Баланың басты ұстазы ата – ана». Мәлімдеме – Н.С. Алишева.
Жиналысқа жалпы 58 ата – ана, оқушы санына шаққанда 195 ата – ана қатысты.
Мәлімдеме жасаушылардың барлығы ата – аналармен «Жаңартылған білім беру мазмұны, үштілділік», яғни оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету туралы, отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатындығын, ата – ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайтындығы және тағы да басқа ата – аналарға қажетті ақпараттармен бөлісіп, видеороликтер көрсетті.
Қаңтар айында мектеп психологы Н.С. Алишеваның ұйымдастыруымен 1 - 9сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсетілді. Шара барысында бала мен ата – ананың арасындағы қарым – қатынас, мемлекеттік емтихан барысындағы қолдау, баланың сабақтан тыс уақыттағы демалысын ата – анамен бірлесе отырып тиімді ұйымдастыру туралы сауалнамалар алынып, слайд – презентациялар көрсетіліп, тренингтер ұйымдастырылды.
Наурыз айында 4 сыныптар арасында «Анаға қарап қыз өсер» атты аналары мен қыздар байқауы болып өтті. Байқауға Әкімжанова Жамал қызы Еренбай Сабинамен, Усманова Роза қызы Нұрғазы Аружанмен, Алиева Айгерім қызы Есімхан Айданамен, Қырғызбаева Жаңылхан қызы Айбекқызы Айғаныммен, Әбішева Гүлзат қызы Нұрсәлім Алтынаймен қатысты. Аналар өзара 4 кезең бойынша жарысқа түсіп, нәтижесінде Усманова Роза «Ару ана – 2017» атағына ие болды. Жетекшісі М.Н. Чинибаева.
«Жанұям - қорғаным, ата-анам – тірегім» демекші, қоғам да, мемлекетте үйден, отбасынан басталады. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Категория: Ата-аналарға

 
 

Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі

Автор: admin от 28-04-2017, 11:48, посмотрело: 2 427

1 Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі. Көктеубаева Гүлмира Бекбергенқызы

Тәжирибесінде оқытуда «Диалогтік әдіс – тәсілдерді» басшылыққа алады. Ұсынылып отырған іс тәжірибесі Алматы облытық мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру «Өрлеу» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған онлайн конференциясында тыңдалып, озық тәжірибе ретінде таратылылған.

Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі


Адам баласының дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Ал, таным мен көзқарас өздігінен пайда болуы екіталай, егер де адамдар өзара қатынас құралы тіл арқылы әрекеттеспесе.Cайып келгенде, тіршіліктің негізі қарым – қатынас пен диалогқа орнығады: басқаның ойымен, пікірімен,көзқарасымен санасу, өзгені түсіне білу, өзіңді оның орнына қоя білу – бәрі де адамға қажетті даусыз тұжырым. Пәлсапашы Қанат Нұрланованың пайымдау бойынша, қарым – қатынас идеясы қазақ ұлттық философиясының негізінде жатыр. «Өмір мәні араласу, қатынасу, іштесу, қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсіну», - деген ата – бабаларымыз осы әрекеттер арқылы басқа адамға, оның көзқарасы мен дүниетанымына, ойы мен пікіріне деген ыждаhат пен ықылас қалыптасатындығына көздерін жеткізген [1]. Тіпті, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мына бір, «Қол шешпегенді, тіл шешер» деген мақалдың мәніне бойласаңыз көп нәрсені ұққандай боларыңыз анық.
Ысты Бөлтірік шешенге қартайған шағында : «Өмірдің мәні не бала ма, бақ па?» дегенде, ол былай деп жауап беріпті: «Бала деген артта қалар із, бақ деген аспанда ұшқан құс. Бұл өмірдің мәні сіз бен біз емес пе?». «Сіз бен біз» қарым –қатынасын өмірдің негізгі құндылығына дана бабаларымыз бүкіл Әлеммен диалог құруға ұмтылған: жер мен ғарышпен, тау мен таспен, су мен топырақпен, адамдар басқа тірі пенделермен. Сол себепті ата – бабаларымыз бүкіл әлемді сыйлап(жаратылыспен табиғатқа еш нұсқан келтірмеген) «Судың да сұрауы бар деп» ерекше қонақжай болды емес пе?! Ал, адамзат ғұламалары тек қарым – қатынас арқылы, диалог құру арқылы ғана Әлемді тануымыз ықтимал, яғни таным иен білім – адамдардың өзара әрекетінің нәтижесі деп есептеген. Демек, тіл – қатынас құралы ғана емес, оқу мен оқытуда, үйрену мен үйрету қатар жүретін білім алу жүйесіндегі қуатты құрал екендігі туралы бүгінгі таңда көптеген дәлелдер жеткілікті. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады [2].
Ал Мерсер мен Литлтон (2007) өз зерттеулерінің нәтижесінде диалогты сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейінің өсуіне де зор ықпал ететіндігін дәлелдейді. Яғни, диалогтік оқыту – «мұғалім – оқушы», «оқушы – оқушы» арасындағы интербелсенді, шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдісі. Диалогтік оқыту негізгі жеті модульдің бірі болып қана қоймайды, барлық модульді қамтиды және сабақтың өне бойында қолданыста болады десек артық айтқандық емес.
Бағдарламаны игергенннен кейінгі өз тәжірибемде көп пайдаланатын тиімділігі жоғары әдістің бірі – диалогтік оқыту. Сабақ барысында оқушылардың әңгімелесуінің, пікірлесуінің маңызы зор.Әсіресе, топтық, жұптық жұмыс барысында әр баланың өз ойын білдіруіне мүмкіндік туады. Диалогтік оқыту топпен жұмыс барысында көрінеді:
-Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талдап-талқылай алуы, ортақ шешімге келе алуы барысында бірге ойлайды;
-Зерттеушілік әңгімеге тартылады, мәтіндегі берілген мәліметтерден басқа білетін танымдық ақпараттарды топ мүшелерімен бөліседі, болжамдар ұсынып, талқылайды;
-Талқылау барысында сөздік қорлары молаяды, бір – бірінен «жаңа» сөздер үйренеді;
-Бірін – бірі тыңдауға үйреніп, пікір алмасады.
-Өзге топтардан артта қалмас үшін жұмыла жұмыс жасауға, жауапкершілікке ұмтылады;
-Топ ішіндегі лидерлер «баяу» топ мүшелеріне қайта – қайта қайталатып, «сөйлеуіне» түрткі болады. Выготскийдің ЖАДА- сы жүзеге асады. Яғни, қабілетті құрдасының арқасында «сөйлеуге» мәжбүр болады.
Бұдан шығатын қорытынды, Мерсер (2005) айтқандай, құрдастар тобындағы «бірін – бірі оқыту» «мұғалім – оқушы» байланысынан әлде қайда бір – біріне ұғынықты, әрі айтылған ақпараттың естеріне ұзақ уақыт сақталатынын байқадым. Демек, алынған ақпарат дәл сол кезде ғана емес, болашақта керек кезінде жұмсауына «қорек» болады деген қорытынды жасадым.
Диалог түріндегі әңгімелесу барысында әртүрлі идеялар айтылады, қарсы пікірлерге де тап болады, мәмлеге келеді, тіпті «бұрын үндемейтін, нашар оқушы» болып келген оқушының «дәл» сол тартысты тақырып туралы өзгелер білмейтін танымдық мағлұматы бар «лидер» болып, өзін өзгелерге мойындататын сәттер де кездесіп жатады. Осы орайда оларға деген аз мадақ пен көтермелеудің өзі пәнге деген баланың көзқарасын өзгертетініне сендім. Мен бұл нәтижелерге бір немесе бірнеше сабақ өткізе салып жептедім. Бірқатар кедергілерге де кездестім. Олардың қатарына мыналарды жатқызар едім:
-Топқа бөліну барысындағы «шу»;
-Уақыттан ұтылу;
-Үлгерімі жоғары оқушылардың жауап беруге үлгермегендегі «наразылығы» мен «менмендігі»;
-Топтардың бірін – бірі бағалауға машықтанбағандығы.
Бұл кедергілерді жеңу үшін, сабақтың мақсатына жету барысында интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану сабақтың тартымдылығын арттырды.
Мысалы, сабақ алдындағы психологиялық ахуал. Таза диалогқа құрылады. «Атомдар мен молекулалар», «Айна», «Капитандар», «Түрлі – түсті алақан», «Акула – күш беруші», «Сатамын – сатып аламын» т.б. балалардың бірін –бірі тануымен сыйластығына жол ашса, бақылап тұрған мұғалім үшін әр бала туралы зор мәліметтер жинақтауға мүмкіндік береді. Әр жолы түрлерін өзгертуге тырыстым. Өйткені, келесі сабақтағы осы сәтті бала қызығушылықпен күтеді емес пе? Бұл менің пәніме деген баланың бет бұрғандығы деп түсіндім. Алғашқы кездері уақыттан ұтылдық, бірте – бірте үйренді.
Сабақтың мақсатына қарай әдіс – тәсілдерді таңдай алу да үлкен шеберлікті талап етеді, күтілген нәтижеге жеткізеді. Айталық, үй тапсырмасын тексеруде де диалогтік тәсілді тамаша жүзеге асыру арқылы бірнеше баланың немесе бүкіл сыныптың тапсырманы орындау барысын зерделеуге болады. Ол үшін мынандай тәсілдерді үнемі қолданамын: «2 ақиқат, 1 жалған», «Карта ойыны», «Велосипед», «Өрмекші торы», «Доп лақтыру», «Ыстық орындық». Бұл әдістер барысында «оқушы - оқушы» байланысы артып, «бірін – бірі оқыту» стратегиясы жүзеге асады. Сондай - ақ бұл жерде мән берілуге тиісті нәрсе – сұрақ қалай қойылды. Мысалы, «Велосипед» әдісінде сыныпта 20 бала балса, үй тапсырмасын еске түсіретін 20 сұрақ қойылады деген сөз. Бағыт беруші ретінде мен әр баланың өз жұбына қойып жатқан сұрағына мән беріп, тиянақты тыңдап, жоғары дәрежелі сұрақ па, әлде төмен дәрежелі сұрақ па, зерделеуге тырысамын. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақты түсінудің тиімді құралына айналады. Ал, өз тарапымнан қойылатын сынақтан өткізу сұрақтары арқылы Блум таксономиясының жинақтау мен талдау деңгейіндегі «Абылай хан мен Елбасы саясатын қай тұрғыдан салыстыра аласың?» немесе «Бір мысал келтіре аласың ба?» деген сияқты сұрақты қою арқылы үй тапсырмасын қорытуда әр оқушының :
- кез – келген ақпаратқа сындарлы көзқараспен сөйлеуіне;
- шынайы қызығушылығын анықтауға;
- бір – бірінен үйреніп, ықпал етуіне, сөйлеушіні құрметтеуге;
- тапсырмадағы қиындықтар мен кедергілерді анықтауға мүмкіндік аламын.
Ал «Шеңбер» әдісін пайдалану арқылы кей сәттерде өзім де тек бақылап, бағалаушы болмай «қатысушы» ролін «ойнаймын».
Жаңа сабақты меңгерту – бұл сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан әр ұстаздың жоспарлау барысындағы ұтымды әдіс – тәсілді таңдауға тиісті тұсы.Осы орайда мен топпен жүргізілетін мынадай: «Елшілер», «Апельсин жинау», «Кір жаю», «Ойлан –жұптас-пікірлес» әдістерін пайдаланамын. Ойларын айту, бөлісу, ортаға салу арқылы жүзеге асыра отырып, шыңдалған ойға бірте –бірте қадам жасауға итермелеймін. Пікірін ашық айтуға, түрлі идеяларды қабылдап, еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беремін. Сонымен қатар «ТВ шоу», «Стоп кадр» , «Санадағы кинофильм» әдістерін 5-6-7 сыныптарда қолдану балалардың қызығушылығы мен өзіндік қабілеттерін дамытып қана қоймай, тілдік, сөздік қорын молайтады.
Сабақтың бекітілу кезеңінде мен жазба жұмыстарын жасатуға, жариялауға күш саламын. Сайып келгенде , оқушының сабақтағы барлық әрекеттерін – талқылау, әңгімелесу, пікірталас, сұрақ қою, жауап беруді – оның қорытынды жазба жұмысын орындауға бағыттап, сол арқылы бағалауға да болады. Жазу – ойлаудың шырқау биігі деп есептесек, оқушы тарапынан өзіндік «менін» ашуға түрткі болады.Сондықтан да әр сабақтың аталған сәтінде жазу жұмыстарын жүргіздіртемін. Оқушының бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды жазбаша жұмыстарды орындауынан обьективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары – оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны. Ондай жазба жұмыстары қатарында мыналарды жасатамын: «10 сөйлемді эссе», «Еркін жазу», «БББ», INSERT, РАФТ, «Не? Қайда? Қашан?», «Венн диаграммасы», «Блум түймедағы».
Жазба жұмысы -шығармашылық. Сондықтан да оларды жариялау қажет. Жариялау дегеніміз басқаларға оқу, жеткізу. Егер дәстүрлі оқытуда оқушының жұмысын тек мұғалім ғана оқыса, қазіргі оқытуда анағұрым көп тыңдаушысы болған жұмыс соғұрлым жақсы болмақ. Жариялау – мадақтаудың бір түрі. Ол үшін:
- Жазылған жұмысты топ ішінде оқу.
- Жұмыстарыды сынып қабырғасына ілу.
- «Үздік эсселер» көрмесін ұйымдастыру.
- Жазба жұмыстарынан тақырыптық қабырға газаттерін шығару.
- Жұмыстарды\ эсселер, постерлер т.б\ тақырыптары бойынша жинақтап \ файлға \ кітапшалар жасап қоямын.
Бағалауға оқушылардың өздерінің араласуы – олар үшін үлкен жаңалық болды. Алғашында өздерін асыра бағалаушылық орын алды. Үшінші және төртінші сабақтардан кейінгі нұсқау беруден соң қалыптастырушы бағалаудағы «бірін – бірі» бағалауда бірқатар түсінушіліктер байқалды. Әсіресе критерийлер арқылы бағалауда шеберлік көрсетті. «5 болу үшін сен бұл критерийден шықпайсың» немесе «Мен ..... сыныптасыма 5 баға қоюды сізге ұсынамын. Өйткені мен оның сабақтағы жауабынан мынандай нәрселерді білдім» деген ескертпелер де айта алатын болды. Осылайша, «Өзін – өзі бағалауды» пайдалану барысында өз пікірлерін ашық айтуға дағдыланды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында, әділ, көз алдыда өтетін, дұрыс бағалауға үйренудің басы деп ойладым. Мен де сабақтың арасындағы әрбір атқарылған жұмыс үшін мадақтау тәсілі ретіндегі «Жарайсыңдар бұл топ!», «Үздік жауап болды!» деген ынталандырушы сөздермен демеп отырамын. Ал өзім жетістігі мен кемшіл тұстарын көрсете отырып қорытынды баға қоямын. Сабақтан соң кері байланыс жазуда да алғаш қиындықтар: «сабақ ұнады» немесе «жартылай ұнады» деп жаза салынған парақшалар кездесті. Бірақ, бұл парақшаның маңызына түсініктеме берілгенннен соң, уақыт өте келе «Бағдаршам», «Идеялар себеті», «Бәрі өз қолыңда», «Аяқталмаған сөйлем» арқылы өз ойларын жазып, тапсырманы жауапкершілікпен орындауға машықтанды. Өз әрекеттеріне рефлексия жасап, білім дәрежесін «Блоб ағашына», «Жетістіктер баспалдағына» орналастыратын болды.
Басқаны түсінуге, білімді игеруге, адам болуға, сондай – ақ адамгершілік қасиеттерді дарытуға диалог арқылы жетуге болатынын 1998 жылы өткен Әлемдік философиялық конгресте диалог – тұлғаның адамгершілік қасиеттерін иемдеруінің басты тәсілі деп атағаны бекер жайт емес болар [3].
Сөзімнің соңын ұлтымыздың атақты сөз зергері Әбділда Тәжібаевтың мына сөзімен қорытындылағым келеді:«Диалог – тек алма – кезек сөйлеу емес, ойдың соғысы, ой мен ойдың жалындауы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы».

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер [1.47 б].
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы [2.71б ].
3.Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер [3.47б].

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Қоғамдық пәндер бірлестігі

Автор: admin от 28-04-2017, 11:29, посмотрело: 1 496

1 Қоғамдық пәндер бірлестік жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі
Оспанбекова Гулнара Қалиқызы

 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық Университетіндегі тарих пәнінің мұғалімі факультетін аяқтады. Жоғарғы санатты. Әділет, құқықтық ұйымның, қоғамдық пәндер бірлестік жетекшісі

Наградалары: Облыстық, аудандық , Білім бөлімінің құрмет грамотасы

Көктеубаева Гүлмира Бекбергенқызы тарих пәнінің мұғалімі

 


 



Әл- Фараби атындағы Ұлттық Мемлекеттік Университеттің тарих және археология факультетін бітірген. Жоғары санатты, І деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі. Жалпы педагогикалық өтілі – 23 жыл. М.Орманов атындағы орта мектеп мектепте 1999 жылдан еңбек етеді. 2007 жылы «Жыл мұғалімі - 2007» байқауында Облыс әкімінің Құрмет қағазымен және 2015 жылы Облыстық білім басқармасының Мақтау қағазымен марапатталған.

Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес

 
Назад Вперед