"Қош, махаббат!" М.Мақатаев

Автор: admin от 27-05-2017, 13:44, посмотрело: 4 857

4 М.Мақатаев "Қош, махаббат!" Сыбанқұлова Разия Сатбайқызы

Мақсаты:
Махаббат тақырыбындағы өлеңдері және «Қош, махаббат!» - Мұқағали
Мақатаевтың қаламынан өмірге келген қара сөзбен жазылған үш актілі,
тоғыз оқиғалы, прологы, эпилогы бар драмамен оқушыларды таныстыру


1. «Қош махаббат»
2. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Қош махаббат» атты драманы бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек», «Қош махаббат» т.б кітаптары жарық көрді.
Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
«Қош махаббат!» үш актілі, тоғыз оқиғалы драмада
Бану, Айша, Шырын, Зағыш пединститут бітірген қыздар
Ғалым Ғабитович консерватория профессоры
Бағдат консерватория бітірген композитор жігіт
Айбар университет бітірген ақын
Асан мал дәрігерлік институт бітірген, ветеринар, әке
Мінсіз – Асанның анасы
Қасым – Асанның жерлесі, құрбысы
Бүбіш – Қасымның айелі
Сәлима – қалада тұратын жесір әйел, Асанның нағашы әкпесі.
Осындай кейіпкерлермен үлкен драма туындады.
Балаларының бақытына кенелген ана Мінсіз әже үйіне шақырылған қонақтары келіп бәрі де стол басына жайғасады. Радиодан болар болмас баяулап есілген әнге қонақтар назар аударады. Ән бар екпенімен сорғалап барады. Тарелка көтеріп кірген Бану әнін естіп сәл сұлық тұрады да қолындағыларын тастап жібереді. Ыдыс қирайды. Жұрт назары Бануда. Ол екі қолымен құлағын басқан қалпында сыртқа жүгіре жөнелді. Ашуға булыққан Асан радио қобдишаны еденге бір ұрып қиратады ән өшеді. Асан төзімінің тусылғанын тірідей тозаққа түскенін қалай және қашанға төзетінін қалтырып, булығып шақырылған қонақтарынан кешірім сұрай отырып бір бұл емес... Біздің өмір осылай... Енді еш нәрсенің де сәні бола қоймас деп ағайындарын ренішпен таратып жіберді. Асанның жары Бану мен Бағдаттын шын махаббаты еді. Банудың Бағдатты ұмытпағаны...
Бану мен Асан кластас құрбылар. Асан мал дәрігерлік институт бітіріп ауылға әкесінің қарауына ветеринар болып қайтар алдында Бануға барып:
Бану... Мен... Түсінемін сені... Өзімді түсінбеймін, сені түсінемін... Кетейікші ауылға? Сенің... Сенің жағдайыңды түсінем, бірақ та кетейікші ауылға? Папаң соншама қуанады... Ұмытшы бәрін де... Бану, кетейікші ауылға?..
Бану. Нені, Асан, кімді ұмытам?
Асан. Бәрін де... Ұмыт. Ұмыт Бағдатты!
Бану үрейлене Бағдатты?! Қалай, қайтіп ұмытам? Не айтып тұрсың, Асан?
Асан. Мен бәрін де білем, Бану ақылыңа салсаншы Бану? Бұл жағдайың естісе, ата-анаң өледіғой. Сенің бақытты болуың керек қой, өмірді жаңа бастадыңғой... Өмірмен ойнауға болмайдығой, алданба, Бану! Аяймын сені. Қимаймын сені. Бұл күнге дейін өзімді өзім алдап... Папаңның жүрегінің түбінде не жатқанын ұққанмын... Өкінем... Сенші маған, сенші Бану. Кетейікші ауылға... Біз бақытты боламыз Бану деп сүйітінін жеткізгенді
Бану Асанға біз дегеніміз кім? кешіктің... тым кешіктің ызалы күлкімен жауабын қайтарды.
Бұл кезде Бану мен Бағдаттың махаббаттары керемет еді.
Көрініс:
Бағдат – Көшімбай Думан
Бану – Қуандық Ақтоты
«Қош махаббат» драмасында алтыншы оқиғасында бейуақ мезгіл. Алматының саялы бақтарының бір бұрышында Бағдат пен Бану. Осы оқиғадан кейін Сәлиманың үйіне Асан келіп Бағдатқа
Романтика, махаббат өз алдына, адал адам сүйгенінің болашағын да ойлау керек. Жоқ, Бану бақытын тапқан жоқ! Ол адасып жүр, алданып жүр... Себебі ол адасып жүр. Қыз деген бір солқылдақ шыбық – қалай майыстырсаң, солай иілетінін айтқан кезде Бағдаттың досы Айбар (Асанның жағасынан шап беріп) Не құсып тұрсың, азғын! деп ашуға булығады.
Осы кезде Салима Бануға қалада тұру – ойыншық емес, шырақ! Тіпті мамандығың бойынша жұмыс табарыңды қайдан білдің? Басқа үй, бауырға қазан керек, осы жағын ойладың ба деп Бануды ауылға кетуге көндіреді.
Тоғызыншы оқиғада Мінсіз апа: Екеуің екі үйдің адамы сияқтысыңдар, боталарым... Неге сонша суықсыңдар?
Бастарың аман, бауырларың бүтін ғой, қарғаларым, не болды сендерге? (Ұзақ, қолайсыз үнсіздік. Радиодан «Сіздердің тыңдағандарыңыз соңғы хабарлар. Жарты минуттан кейін жаңа әндерден концерт» дегенді естіп, Мінсіз, радионы күшейте бұрап қояды. Асан, Бану үнсіз. Радиодан «Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Жаңа әндерден концерт тыңдаңыздар! «Қош махаббат!» музыкасы Бағдат Мамыровтікі» деген үн естіледі. Бану селк етіп, ұшып тұрады. «Қош махаббат» әнін Ришат Абдуллин қоңырлатып барады.Үшеуі үш жерде қатып қалған. Бану қос қолын кеудесіне қойып, не қыларын білмейді. Асан диванда тұқырап отырған қалпында. Мінсіз жаулығын ысырып, радиоға жабысып қапты. Ән баяулап барып, шалқи сөнеді)
Мінсіз. Ой! Арман-ай! Қандай жақсы ән еді! Шіркіннің үнінің кеңі-ай, көп жасағыр. (Банудың маңдайынан сипап.) Не болды Банужан?! Бір жерің ауыра ма? Неғылды, ботам?
Бану (енесінің қолын ысырып). Жазықсыз еді ғой, Асан... Жазығы не еді оның? Неге адастық?.. Неге адастырдың?
Мінсіз. (аңырап, Асан мен Бануға кезек қарап). Банужан кім ол? Асан, кім еді ол? Кімді айтып тұрсыңдар?..
Бану (булығып). Әже,.. сіздің... Асан,.. сенің алдыңда арым таза... Ата-анам, сендердің алдарыңда арым таза... Қош Бағдат!.. Қош, ары тұнық адал жан!.. Айыптымын алдыңда... Естідім әніңді... (долдана) Неге үндемейсің, Асан!..(жылайды) Айып етпе, әже... Сезімнен басқаның бәрі сендердікі... Айып етпе, әже... Өзімнен өзім, өз ойыма өзім күйейін... Анашым, ақ сүтіңнің қымбат-ай!.. Әке,.. құдыретіңнің күштісі-ай... Қош, Бағдат!.. Қош, махаббат! (Еңіреп барып отыра кетеді, әжесі сүйейді, Асан тұрады. Жарық сөнеді.

«Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.
Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында қымбат құнды.
Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббатты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиді құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...»

О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің,
Көзімнен ғажап болған күнім едің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің,
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!


О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен әлі тірілемін!
Ақ періште алдында жүгінемін.
...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М.Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әне ол мұзбалық қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»
Әбділда Тәжібаев

«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалида жалғыз..
Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құдіреттің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу».
Қ. Құрманғалиев

«Мұқағалидай ақын болған халық – бақытты халық»
Ф.Оңғарсынова


Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

Осымен М. Мақатаев шығармашылығына арналған «Қош махаббат» атты драмасынан үзіндіні аяқтаймыз.

Категория: Іс-шаралар

 
 

Үй тапсырмасы

Автор: admin от 27-05-2017, 11:39, посмотрело: 2 150

20
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы

Категория: ҰБТ / Оқушылар жетістіктері

 

ҰБТ видио ролик

Автор: admin от 12-05-2017, 20:03, посмотрело: 1 471

2

Категория: Оқушыларға / ҰБТ