Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 14-03-2019, 04:29, посмотрело: 2 047

81
Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Майлы Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі Республикалық «Қамқорлық» қайрымдылық акциясының өтілуі жайлы.



А Н Ы Қ Т А М А.




Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым Министірлігінің 2019 жылғы 09 қаңтардағы №6-15-3-59-И хатын, Алматы облысының білім басқармасының 2019 жылғы №1-Н және аудандық білім бөлімінің 09.01.2019 жылғы №5 бұйрықты басшылыққа ала отырып 24.01.2019 күні мектепте «Қайрымдылық - адамгершілік белгісі» тақырыбымен республикалық «Қамқорлық» қайрымдылық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты - әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасы балаларына, жартылай жетім балаларға көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Акцияға қатысқан ауыл ақсақалдарының төрағасы, мектеп мұғалімдері мен кәсіпкерлер қатысты. Акцияны мектеп директоры Е.Н.Малғараев кіріспе сөзбен бастады.
Ауыл ақсақалдарының төрағасы Б.Таубалдиев өз сөзінде жүріп жатқан шараны қолдай отырып, жұртшылықты жетімдерге, аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға көмек қолын созуға шақырды.
Акция барысынан мектеп ұжымыда сырт қалған жоқ. Атап айтсақ Е.Малғараев, Г.Байалиева, Р.Намазбаева мектеп бірлестіктері, ардагер ұстаздар, ата - аналар тағы да басқаларын атап өтуге болады.
Ауыл кәсіпкерлері Дүйсебеков Ө, Дәулетбақов А, Тойжанова Б, және 1999 жылғы мектеп бітіруші түлектер атынан ақшалай көмек ретінде қол ұшын созды.
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңес

Сондай ақ осы жиналған қаржы жазғы сауықтыру легерьіне аз қамтылған отбасы балаларына сақталып тұр. Акцияға қатысқан барша мейрімді жандарға алғыс айтылып, акция мектеп оқушыларының шағын концертімен аяқталды.
Акция кезінде белгісіз себептермен мектепке келмей жүрген балалар анықталмады, сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагог үйлерін аралап, от жағатын пештерінің жағдайларына рейдтер жүргізді. Сондай ақ оқушылардың сабаққа толық қатысуы үнемі қадағалануда.
9-сыныптан кейін кәсіптік техникалық білім беру мекемелеріне түскен оқушылардың анықтамалары жиналып бақылауға алынды.
Шалғай ауылдардан келетін оқушылар саны Мойнақ елді мекенінен 41 /қырық бір/ оқушы, Қолтықбастау елді мекенінен 20 /жиырма/ оқушы тасымалданып оқытылады.





[center][/center]Мектеп директоры: Е.Н.Малғараев

Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес