Майлы Орманов атындағы орта мектептің тарихы

Автор: admin от 25-04-2017, 20:03, посмотрело: 2 117

1 Жылысай ауылында 1930 жылы тұңғыш бастауыш мектебі ашылды. 10-15 балаға «сауат ашумен» ғана шектелген кішігірім ғана ауыл мектебі алғашқы ұстаз Майлы Ормановтың халық жауы ретінде қуғын-сүргінге ұшырауы себепт і және де 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардабынан қанатын кеңейте алмады.
Мектептің өз мәнінде жұмыс істей бастауы соғыстан кейінгі яғни 1945 жылдан кейін қолға алынды. 1953 жыл жеті жылдық мектеп болып құрылып, оған М.Горкьий есімі берілді. Жеті жылдық мектепте 130 оқушы білім алды. 1956-1957 жылдардан бастап сегіз жылдық білім беруге көшті. Сол жылдары мектебімізде 20 ұстаз қызмет атқарды.
1950-1970 жылдары еңбек еткен Абдраманов Асан, Көшкінова Данышпан, Сыбанқұлов Сартбай мектеп тарихындағы алғашқы майталмандар еді.
1975-76 жылы оқу жылынан бастап орта мектеп болды. 1976-1986 жылдары мектепте Бектұрғанов Амангелді басшылық жасады. Оқу ісінің меңгерушілігін Болат Ахманов, Өскенбай Сыдықжанов, тәрбие жұмыстарын Ғұмарова Сұлушаш, Омарбекова Айман сынды білікті мамандар атқарды. Мектептегі оқушы саны 650-ге жетті. 1985 жылы қосымша оқу ғимараты пайдалануға беріліп, балабақша үлгісіндегі мектепалды даярлық топтары іске қосылды. Сол жылы мектеп басшыларының облыстық семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Осы ұйымдастырушылық жұмыстары үшін мектеп директоры А.Бектұрғанов Кеген аудандық білім беру бөлімінің бастығы болып ауыстырылды. 1985-86 оқу жылында мектеп директоры болып Әбдіғұлов Исаділ тағайындалды. Бұл уақыттарда мектепте Мамырханов Өскенбай, Кайырова Бұлыш, Көшкінбаева Данышпан, Әділханов Өксікбай, сыдықжанов Өскенбай, Малғараев Нүсіпбек, Мұхаев Тұрғынбек, ұйқасбаева Сақан, Атамқұлова Мейраш, Ұлдаханов Нұртас, Керімбаева Нұрғайша сынды ұлағатты ұстаздар, алдыңғы толқын ағалар, білікті ұйымдастырушылар еңбек еткен еді. 1975-1990 жылдар аралығында көптеген білімді шәкірттер өмірге қанат қақты. Ондаған алтын және күміс медаль иегерлерін ерекше үлгідегі аттестат иегерлерін шығарды. 1989 жылы Әбдіғұлов Исаділдің денсаулығына байланысты мектеп директорлығына оқу ісінің меңгерушісі қызметінен Тергеусова Жаңылша ауыстырылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мектеп мұғалімдері экономикалық, әлеуметтік қиындықтарға қарамастан аянбай еңбек етті. 1992 жылы мектепте осы өңірдегі алғашқы ұстаздардың бірі Майлы Ормановтың есімі берілді 90- жылдардағы экономикадағы және әлеуметтік түрлі реформалар ауылды да айналып өтпеді. Бұрынғы құрылымдық өзгерістер, білім беру реформалары, жұмыссыздық, ауылдан жаппай қоныс аудару сияқты өзгерістерді мектебіміз де өткерді. 1993 жылы Ахманов Болат Сәдуақасұлы мектеп директоры болып тағайындалды Оқу ісінің меңгерушісі болып Солтанбеков Бексұлтан және тәрбие жөніндегі орынбасарын Е.Н.Малғараев атқарды. Мектепте Ж.Бекдайырова, Ә.Қаптағаев, Ж.Тергеусова, Ұ.Шорманова, Н.Рахметов, А.Тайтаразова, Б.Нүсіпәлиова сынды ұстаздар тобы еңбек етті. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап 2011 жылдың наурыз айына дейін мектепке Оқас Нұрмаман Төкенұлы басшылық жасады.
2011 жылдың мамыр айында Малғараев Ерлан Нүсіпбекұлы мектеп директоры болып тағайындалды. Осыдан бастап мектеп жұмысы жақсы деңгейлерге қол жеткізе бастады. Мектеп басшыларының екі рет, бірнеше пәндік семинарлары жоғары деңгейде ұйымдастрылды. Мұғалімдер мен оқушылар көптеген аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі шараларға қатысып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізді. ҰБТ көрсеткіші бойынша аудандағы алдыңғы он мектептің қатарында. Оқу ісінің меңгерушісі Г.Д.Жумадилова, тәрбие жөніндегі орынбасар И.Ө.Сыдықжанова болып, жалпы мектепте 43 мұғалім еңбек етуде.
2016-2017 оқу жылында 260 оқушы білім алуда.

Категория: Ашық бюджет / Қаржылық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив