"Қош, махаббат!" М.Мақатаев

Автор: admin от 27-05-2017, 13:44, посмотрело: 4 857

4 М.Мақатаев "Қош, махаббат!" Сыбанқұлова Разия Сатбайқызы

Мақсаты:
Махаббат тақырыбындағы өлеңдері және «Қош, махаббат!» - Мұқағали
Мақатаевтың қаламынан өмірге келген қара сөзбен жазылған үш актілі,
тоғыз оқиғалы, прологы, эпилогы бар драмамен оқушыларды таныстыру


1. «Қош махаббат»
2. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Қош махаббат» атты драманы бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек», «Қош махаббат» т.б кітаптары жарық көрді.
Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
«Қош махаббат!» үш актілі, тоғыз оқиғалы драмада
Бану, Айша, Шырын, Зағыш пединститут бітірген қыздар
Ғалым Ғабитович консерватория профессоры
Бағдат консерватория бітірген композитор жігіт
Айбар университет бітірген ақын
Асан мал дәрігерлік институт бітірген, ветеринар, әке
Мінсіз – Асанның анасы
Қасым – Асанның жерлесі, құрбысы
Бүбіш – Қасымның айелі
Сәлима – қалада тұратын жесір әйел, Асанның нағашы әкпесі.
Осындай кейіпкерлермен үлкен драма туындады.
Балаларының бақытына кенелген ана Мінсіз әже үйіне шақырылған қонақтары келіп бәрі де стол басына жайғасады. Радиодан болар болмас баяулап есілген әнге қонақтар назар аударады. Ән бар екпенімен сорғалап барады. Тарелка көтеріп кірген Бану әнін естіп сәл сұлық тұрады да қолындағыларын тастап жібереді. Ыдыс қирайды. Жұрт назары Бануда. Ол екі қолымен құлағын басқан қалпында сыртқа жүгіре жөнелді. Ашуға булыққан Асан радио қобдишаны еденге бір ұрып қиратады ән өшеді. Асан төзімінің тусылғанын тірідей тозаққа түскенін қалай және қашанға төзетінін қалтырып, булығып шақырылған қонақтарынан кешірім сұрай отырып бір бұл емес... Біздің өмір осылай... Енді еш нәрсенің де сәні бола қоймас деп ағайындарын ренішпен таратып жіберді. Асанның жары Бану мен Бағдаттын шын махаббаты еді. Банудың Бағдатты ұмытпағаны...
Бану мен Асан кластас құрбылар. Асан мал дәрігерлік институт бітіріп ауылға әкесінің қарауына ветеринар болып қайтар алдында Бануға барып:
Бану... Мен... Түсінемін сені... Өзімді түсінбеймін, сені түсінемін... Кетейікші ауылға? Сенің... Сенің жағдайыңды түсінем, бірақ та кетейікші ауылға? Папаң соншама қуанады... Ұмытшы бәрін де... Бану, кетейікші ауылға?..
Бану. Нені, Асан, кімді ұмытам?
Асан. Бәрін де... Ұмыт. Ұмыт Бағдатты!
Бану үрейлене Бағдатты?! Қалай, қайтіп ұмытам? Не айтып тұрсың, Асан?
Асан. Мен бәрін де білем, Бану ақылыңа салсаншы Бану? Бұл жағдайың естісе, ата-анаң өледіғой. Сенің бақытты болуың керек қой, өмірді жаңа бастадыңғой... Өмірмен ойнауға болмайдығой, алданба, Бану! Аяймын сені. Қимаймын сені. Бұл күнге дейін өзімді өзім алдап... Папаңның жүрегінің түбінде не жатқанын ұққанмын... Өкінем... Сенші маған, сенші Бану. Кетейікші ауылға... Біз бақытты боламыз Бану деп сүйітінін жеткізгенді
Бану Асанға біз дегеніміз кім? кешіктің... тым кешіктің ызалы күлкімен жауабын қайтарды.
Бұл кезде Бану мен Бағдаттың махаббаттары керемет еді.
Көрініс:
Бағдат – Көшімбай Думан
Бану – Қуандық Ақтоты
«Қош махаббат» драмасында алтыншы оқиғасында бейуақ мезгіл. Алматының саялы бақтарының бір бұрышында Бағдат пен Бану. Осы оқиғадан кейін Сәлиманың үйіне Асан келіп Бағдатқа
Романтика, махаббат өз алдына, адал адам сүйгенінің болашағын да ойлау керек. Жоқ, Бану бақытын тапқан жоқ! Ол адасып жүр, алданып жүр... Себебі ол адасып жүр. Қыз деген бір солқылдақ шыбық – қалай майыстырсаң, солай иілетінін айтқан кезде Бағдаттың досы Айбар (Асанның жағасынан шап беріп) Не құсып тұрсың, азғын! деп ашуға булығады.
Осы кезде Салима Бануға қалада тұру – ойыншық емес, шырақ! Тіпті мамандығың бойынша жұмыс табарыңды қайдан білдің? Басқа үй, бауырға қазан керек, осы жағын ойладың ба деп Бануды ауылға кетуге көндіреді.
Тоғызыншы оқиғада Мінсіз апа: Екеуің екі үйдің адамы сияқтысыңдар, боталарым... Неге сонша суықсыңдар?
Бастарың аман, бауырларың бүтін ғой, қарғаларым, не болды сендерге? (Ұзақ, қолайсыз үнсіздік. Радиодан «Сіздердің тыңдағандарыңыз соңғы хабарлар. Жарты минуттан кейін жаңа әндерден концерт» дегенді естіп, Мінсіз, радионы күшейте бұрап қояды. Асан, Бану үнсіз. Радиодан «Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Жаңа әндерден концерт тыңдаңыздар! «Қош махаббат!» музыкасы Бағдат Мамыровтікі» деген үн естіледі. Бану селк етіп, ұшып тұрады. «Қош махаббат» әнін Ришат Абдуллин қоңырлатып барады.Үшеуі үш жерде қатып қалған. Бану қос қолын кеудесіне қойып, не қыларын білмейді. Асан диванда тұқырап отырған қалпында. Мінсіз жаулығын ысырып, радиоға жабысып қапты. Ән баяулап барып, шалқи сөнеді)
Мінсіз. Ой! Арман-ай! Қандай жақсы ән еді! Шіркіннің үнінің кеңі-ай, көп жасағыр. (Банудың маңдайынан сипап.) Не болды Банужан?! Бір жерің ауыра ма? Неғылды, ботам?
Бану (енесінің қолын ысырып). Жазықсыз еді ғой, Асан... Жазығы не еді оның? Неге адастық?.. Неге адастырдың?
Мінсіз. (аңырап, Асан мен Бануға кезек қарап). Банужан кім ол? Асан, кім еді ол? Кімді айтып тұрсыңдар?..
Бану (булығып). Әже,.. сіздің... Асан,.. сенің алдыңда арым таза... Ата-анам, сендердің алдарыңда арым таза... Қош Бағдат!.. Қош, ары тұнық адал жан!.. Айыптымын алдыңда... Естідім әніңді... (долдана) Неге үндемейсің, Асан!..(жылайды) Айып етпе, әже... Сезімнен басқаның бәрі сендердікі... Айып етпе, әже... Өзімнен өзім, өз ойыма өзім күйейін... Анашым, ақ сүтіңнің қымбат-ай!.. Әке,.. құдыретіңнің күштісі-ай... Қош, Бағдат!.. Қош, махаббат! (Еңіреп барып отыра кетеді, әжесі сүйейді, Асан тұрады. Жарық сөнеді.

«Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.
Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында қымбат құнды.
Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббатты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиді құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...»

О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің,
Көзімнен ғажап болған күнім едің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің,
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!


О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен әлі тірілемін!
Ақ періште алдында жүгінемін.
...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М.Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әне ол мұзбалық қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»
Әбділда Тәжібаев

«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалида жалғыз..
Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құдіреттің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу».
Қ. Құрманғалиев

«Мұқағалидай ақын болған халық – бақытты халық»
Ф.Оңғарсынова


Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

Осымен М. Мақатаев шығармашылығына арналған «Қош махаббат» атты драмасынан үзіндіні аяқтаймыз.

Категория: Іс-шаралар

 
 

Яков Тайц Две ученицы и тридцать учителей. 6 класс

Автор: admin от 28-04-2017, 10:55, посмотрело: 6 295

465 Яков Тайц . Две ученицы и тридцать учителей. Литературное чтение. 6 класс
Малдыбаева Каипжамал Кайтамовна

Тема урока: Яков Тайц . Две ученицы и тридцать учителей
Цели урока
ЦО 1 Знают о произведении Якова Тайца «Две ученицы и тридцать учителей» ЦО2 Понимают о том, что тема произведений –о изучение языка, дружбе и взаимопомощи.ЦО3 Определяют сюжет произведения.
Основные идеи, отработанные по теме урока Это Мониша и Шомита. Они с родителями переехали из Дели. Пошли в русскую школу. Благодаря учителю и одноклассников девочки смогли обучаться в русской школе. Тридцать учителей- это одноклассницы Монише и Шомиты. На перемене объясняли значение слов и помогали изучить русский язык. Учительница Мария Михайловна оставалась после уроков и учила говорить по-русски. И сама стала учиться индийскому языку, чтобы легче было разговаривать с девочками.Дели –это столица Индии. Москва- это столица России
Ссылки Руководство для учителя /второй уровень/ АОО «НИШ»
Задания Время Деятельность учащихся
1.Позитив (Учитель передает мячик учащимся) 2м
Учащиеся называют, какие положительные черты характера они ценят.
2.Определение темы произведения 6м
Прием «Корзина идей» Ответы учащихся на вопрос: Что объединяет эти произведения?
3.Знание 4м
Руми Джалалиддин «Рассказ о винограде»Яков Тайц «Две ученицы и тридцать учителей»
4.ПониманиеРабота в группе 6м
Ознакомление с рассказом «Две ученицы и тридцать учителей» Пересказ содержания.
5.Применение 6м
Работа в группе, но отвечающего ученика оценивают в отдельности то 1 до 3 баллов.
Самостоятельное чтение учащимися и в группе определение образов 1 группа «Две ученицы» 2 группа «Тридцать учителей» 3 группа «Мария Михайловна»4 группа «Дели и Москва»
Каждая группа раскрывает данный образ1 группа «Две ученицы» Это Мониша и Шомита. Они с родителями переехали из Дели. Пошли в русскую школу. Благодаря учителю и одноклассников девочки смогли обучаться в русской школе.2 группа «Тридцать учителей» Тридцать учителей-это одноклассницы Монише и Шомиты. На перемене объясняли значение слов и помогали изучить русский язык. 3 группа «Мария Михайловна» Учительница Мария Михайловна оставалась после уроков и учила говорить по-русски. И сама стала учиться индийскому языку, чтобы легче было разговаривать с девочками.
4 группа «Дели и Москва» Дели –это столица Индии. Москва- это столица России

6.Анализ 4м
Ответы каждого ученика оценивается классом методом «Большой палец»
1 группа- Какова основная тема рассказа? Какие пословицы и поговорки о данной теме вы знаете?
2 группа- Что вы знаете о необходимости изучения языков? Расскажите.3 группа- Выпишите из текста сложное предложение.4 группа- «Фантастическая добавка» Представьте, что Мониша и Шомита оказались в нашем селе.
7.Задание на дом 3м
Стр-139-141Подготовить пересказ. Придумайте рассказ «Встреча с Монишей и Шомитой через десять лет»

8.Синтез 6м
Поделитесь своими впечатлениями о произведение. Возвращение к вопросу: Что объединяет эти произведения?
9.Оценивание 4м
Закончите фразу: В ходе урока я открыл…
Осталось загадкой…
10.Рефлексия 4м
Учащиеся вывешивают стикеры на «МПИ»

Источники, оснащение и оборудование Учебник Литературное чтение Р.Нуртазина,Э.Сулейменова,К.Уразаева «Білім»2015
Инновационные методы обучения А.К.Мынбаева,З.М.Садвакасова
Яков Тайц     Две ученицы и тридцать учителей. 6 класс
Яков Тайц     Две ученицы и тридцать учителей. 6 класс

Категория: Іс-шаралар

 

Орыс тілі мен шетел тілдер пән бірлестігі

Автор: admin от 28-04-2017, 09:33, посмотрело: 1 750

4 Орыс тілі мен шетел тілдер пән бірлестігінің жетекшісі. Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі
Малдыбаева Каипжамал Кайтамовна

Орыс тілі мен шетел тілдер пән бірлестігі


Білімі жоғары. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын бітірген
2015 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші /негізгі/ деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын, 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін метептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.
2012 жылы Алматы облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.
2016 жылы ҚР «Өрлеу» Білім-ғылым технологиялық порталының «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен марапатталған.

Категория: Іс-шаралар

 

Ж. Кенжалиев. Құралай

Автор: admin от 28-04-2017, 08:52, посмотрело: 6 259

8 Әдебиеттік оқу. 3 сынып Батырбекова Гүлнар

Сабақтың атауы: Ж. Кенжалиев. Құралай
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
«Құралай» сөзіне топтастыру жасай алады.
«Құралай»ненің төлі екенін біледі.
Оқушылар жаңа тақырыпты түсінді.
Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсетеді.
Жаңа сабақты меңгерді.
Болашақта өз керегіне жарата алады.

Психологиялық ахуал
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ұй тапсырмасын сұрау
Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»
Өлеңді жатқа айту. «Менің арманым» тақырыбында шығарма жазу.

Қызығушылықты ояту
Б.Б.Б стратегиясы Білемін: «Құралай» сөзіне топтастыру жазу.

Құралай – адамның есімі
Еліктің төлі
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану
Білгім келеді:Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
1.Автор туралы түсінік
2.Мәтін мазмұнымен таныстыру.
3.Сұрақтарға жауап беру
Сергіту сәті Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шабындық ,қоста,киік,елік,құралай, автоклуб сөздерінің мағынасын айтады.
Елік,киік-қандаы аң?
Қорық,Қызыл кітап туралы түсінігі.
1. топтық жұмыс. Мәтінді бөліктерге бөліп оқып,әр бөлікке ат кою.
2.Сұрақтарға жауап беру. Мәтіндегі оқиғаның басталуына не себеп болды?
1-топ. «Қош,Құралай!» тақырыбында хат
2-топ «Құралай шабындығы» ауылынан сағынышты хат
3- топ Киноқоюшылардың қылығынан адам бейнесі қандай?
сипаттама жазу

Ж. Кенжалиев. Құралай


Киік – киелі жануар
Оны Ақбөкен деп те атайды Бала кезімізде, өзен – тоғайлы ауылда тұрғанымызда қыр басынан, суат қасынан бота көзді, қайқы мүйізді, сарғыш түсті киіктерді көктемнен күзге дейін жиі көретінбіз. Маңырап суатқа құлағанында киік отарының қатты тұяқтарынан аспанға шаң көтеріліп, мүлгіген дала төсі ұйқысынан оянғандай қайнаған тіршіліктің ортасына айналатын-ды. Қазақтың қаймағы бұзылмаған сол заманында жаздың ортасы мен күзде ғана кейбір аңсақ кісілер киіктерді аулап, олжалаған киік текелерін ауылға әкеліп, адамдарға бөліп беретін де, ел – жұрт киіктің дәмді етінен пісірілген қуырдаққа бір тоятын. Содан кейін халық өз шаруашылығымен айналысып, түз тағысының мазасын алмайтын еді. Кейін қытай, тибет медицинасында құнды дәрі жасау үшін аса бағалы шикізат – мүйізі мен тұяғы үшін киіктерді автокөлік, вертолетпен аулап, жаппай қыру басталды. Ел азды, жер тозды, қазақ ауылдарының бірінен соң бірі құрып, ата – бабаларымыздың бейіті де айдалада қараусыз қалды...
Киік – қандай аң?
Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады. Әйтпесе, қай аймақта да киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы болады. Олар көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы боранды, суық болатынын алдын-ала болжап біледі, соған сәйкес тіршілік етеді. Киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы, жылына бір рет лақтап, өсіп – өнеді. Лақтарын – құралай деп атайды. Жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, температура суытады, салқын жел соғады. Өйткені, мамыр айының алғашқы жартысында киіктер 2-3 күнде лақтап болып, балалары жерде жатады. Күн суытысымен-ақ олар ызғарлы жерден тұрып, тәлтіректеп аяқ басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді. «Құралайдың салқыны» - табиғат – ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да

ізгі мінезі. Киіктер көбінесе егізден, кейде 3 лақтан туады.
Киіктердің саны қанша?
Ресми деректер бойынша 1960 жылдары елімізде киіктердің (ақбөкендердің) саны 1 миллион 300 мыңнан асыпты. Алайда мүйізі мен тұяғы үшін қырып – жоюдың, 1988 жылы Торғай өңірінде 500 мың киіктің қырылып қалуының салдарынан 2003 жылы еліміздегі киіктердің саны күрт азайып, олардың 21 мыңдайы ғана сақталып қалды.
Үйге тапсырма Мазмұндау Киік туралы материалдар жинақтау Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Категория: Іс-шаралар

 

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Тәрбие сағаты

Автор: admin от 28-04-2017, 08:34, посмотрело: 2 390

3 Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. 3 сынып Батырбекова Гүлнар

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды –

Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,

Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Ақылтайды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.

Жүргізуші: Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым,-

Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары
. 1 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.
2 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
3 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
4 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
5 - оқушы
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!
Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Тәрбие сағаты
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Тәрбие сағаты
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Тәрбие сағаты

Категория: Іс-шаралар

 
 

Аралас құрмалас сөйлем. Зерттеу сабағы

Автор: admin от 28-04-2017, 08:03, посмотрело: 7 034

29 Аралас құрмалас сөйлем. Қазақ тілі 8 сынып Жұмаділова Камила Даулетханқызы

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Аралас құрмалас сөйлем туралы түсінік алады.
Дамытушылық:Өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту, тапқырлық қабілеттері мен сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:Ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, бірін- бірі құрметтеуге үйренеді
Күтілетін нәтеже
1.Аралас құрмалас сөйлемдер туралы түсінік алады.
2.Өзіндік қорытынды жасап, оны дәлелдей біледі.
3.Коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіп,өз ойларын жеткізе біледі.
4.Өз беттерімен және бір-біріне көмектесу арқылы шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.
5.Алған білімдерін сараптап,өзіндік тұжырым жасайды.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдәс- тәсілдер
Топтық жұмыс, миға шабуыл,
сын тұрғысынан ойлау, постер,
формативтік бағалау, өзіндік ой тұжырымға негізделген мәтін. т.б
Сілтеме Казақ тілі оқулығы, сабаққа арналған үлестірмелі кесте, таныстырылымдар,т.б
САБАҚ БАРЫСЫ
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру (2мин)
Оқушылар шеңбер құра тұрып, шеңбер бойымен бір-біріне жақсы тілектер білдіреді
Топқа болу (1 мин)
Оқушыларды сандық жүйе арқылы топқа бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтеже
Сабаққа мақсат қою (1мин)
Сәлеметсіңдер ме,балалар! Болашақ ғалым даналар! Бүгінгі сабақ біз үшін:
1-ден, Тағылым
2-ден, Өсиет
3-ден Адамдық ар
Оқушылар хормен:
1.Тыңдағанға ғибрат, іздегенге ғылым!
2.Өсемін дегенге-өріс Өзек нәрін танығанға-жеңіс, Талшық қылғанға-жеміс
3. Жүрегіңнен бастау алатын ізгілік бұлағы Оқушы назарын сабаққа аударады.

Білу (5 мин)
1-ші кезең. Ой қозғау
Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.
Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, сөз тіркесінен өткен оқу материалын еске түсіреді
Өткен материалды еске түсіреді, ізденеді, ынтымақтаса отырып, ақылдасады

Түсіну (8 мин)
2-ші кезең. Ой көкпар
Постерге «Аралас құрмаластың » сызбасын салуды ұсынады.
«Екі жұлды,бір тілек» Формативтік бағалау Оқушылар ақылдаса отырып, «Аралас құрмаластың» сызбасын постерге
түсіреді. Қорғайды.
Топтар бірін-бірі бағалайды
Мақсатқа жету үшін өз бойларындағы барлық қаблеттерін көрсете отырып, білімдерін толықтырады.

Қолдану
3-кезең. Шпаргалка
Өз сызбаларын пайдаланып, сөйлемдер талдау
Әр топтан кезектесе отырып, бірнеше оқушы тақтаға шығып сөйлем тадайды.
Алған теориялық білімдерін қолданады.

Талдау (6 мин)
4-кезең. Жұмбақтас
Өтілген тақырыптар негізінде сұрақ -жауап өткізу ұсынылады.
Оқушылар жұптаса, топтаса отырып сұрақтар тізбесін жасайды.
Өз білімдерін толықтырады, өзгелерді тыңдауға, өз ой- пікірін жеткізуге үйренеді.

Жинақтау (7 мин)
5-кезең. Шешендікке ұмтылу.
«Сөз құдіреті» тақырыбында ертегі жаздырады Оқушылар берілген тақырып негізінде ертегі жазады.
Жеке немесе ынтымақтаса отырып шығармашылықпен айналысады.

Бағалау (5 мин)
6-кезең. Бақытты сәт
1. Әр топтан бір оқушы жазған ертегілерін оқытады.
2. «Саусақтар» стратегиясы арқылы оқушылардың өздерін бағалауы
3. Мұғалімнің жиынтық бағалауы
1. Әр топтан бір оқушы жазған ертегілерін оқиды.
2. «Саусақтар» стратегиясы арқылы оқушылар өздерін бағалалап, өзіндік ой қорытындысын жасайды.
Өз түсініетерін мәтін бағалауды құруды, өз білімдеріне баға беруді үйренеді.

Рефлекция (1 мин)
«Бес саусақ стратегиясы» сабаққа баға беру.

Үйге тапсырма
Бес сөйлемге тілдік талдау жасап, ереже жаттау
Аралас құрмалас сөйлем. Зерттеу сабағы
Аралас құрмалас сөйлем. Зерттеу сабағы

Категория: Іс-шаралар

 

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

Автор: admin от 22-04-2017, 16:25, посмотрело: 2 262

1 Абайдың ақындық әлемі. 10 сынып Жұмаділова Камила Даулетханқызы
Облыстық семинар.

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

 

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

 

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

 

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

 

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

 

Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

 


Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып
Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып
Абайдың ақындық әлемі. Облыстық семинар. 10 сынып

Категория: Іс-шаралар

 

"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

Автор: admin от 14-04-2017, 17:54, посмотрело: 2 971

14 Тақырыбы: «Зерде» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың 5 сыныпта алған білімдерін саралау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

Көрнекіліктері: көрсетілім, проектр, компьютер

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Зерде» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Адамзат қол жеткізген игіліктердің ұлы ісі білім қазынасы. Ал білім көзі – кітапта. Кітап – адам баласының ақыл ойының алтын сандығы. 21 ғасырда кітап оқудың маңызы артпаса, еш кемімейді.
Ғабит Мүсіріпов айтқандай, кітап оқығаннан тиылсақ, оқудан да тиыламыз.
Білім бәйгесінде бас қосқан білгірлер, ойданда жүйрік. көп оқиды. 5 сыныпта кітаптан, яғни информатика пәнінен алған білімдерін сайысқа қосайық.
Қазір оқушыларымыз алма ағашындағы алмалар арқылы қатысатын оқушыларды анықтап аламыз. Алмалардың артында жасырылған 1,2,3,4 нөмірлі қатысушыларымыз қош келдіңіздер!
"Зерде" зияткерлік сайысы. Информатика. 5 сынып

Демек білімдердің нәтижесін анықтайтын да кез келді.
Ал білімшілердің сайысын саралайтын математика пәнінің мұғалімі Алпысбаева Алтынай

Категория: Іс-шаралар

 
Назад Вперед