Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі

Автор: admin от 28-04-2017, 11:48, посмотрело: 2 427

1 Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі. Көктеубаева Гүлмира Бекбергенқызы

Тәжирибесінде оқытуда «Диалогтік әдіс – тәсілдерді» басшылыққа алады. Ұсынылып отырған іс тәжірибесі Алматы облытық мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру «Өрлеу» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған онлайн конференциясында тыңдалып, озық тәжірибе ретінде таратылылған.

Диалогтік оқыту тәсілінің тарих пәніндегі тиімділігі


Адам баласының дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор. Ал, таным мен көзқарас өздігінен пайда болуы екіталай, егер де адамдар өзара қатынас құралы тіл арқылы әрекеттеспесе.Cайып келгенде, тіршіліктің негізі қарым – қатынас пен диалогқа орнығады: басқаның ойымен, пікірімен,көзқарасымен санасу, өзгені түсіне білу, өзіңді оның орнына қоя білу – бәрі де адамға қажетті даусыз тұжырым. Пәлсапашы Қанат Нұрланованың пайымдау бойынша, қарым – қатынас идеясы қазақ ұлттық философиясының негізінде жатыр. «Өмір мәні араласу, қатынасу, іштесу, қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсіну», - деген ата – бабаларымыз осы әрекеттер арқылы басқа адамға, оның көзқарасы мен дүниетанымына, ойы мен пікіріне деген ыждаhат пен ықылас қалыптасатындығына көздерін жеткізген [1]. Тіпті, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мына бір, «Қол шешпегенді, тіл шешер» деген мақалдың мәніне бойласаңыз көп нәрсені ұққандай боларыңыз анық.
Ысты Бөлтірік шешенге қартайған шағында : «Өмірдің мәні не бала ма, бақ па?» дегенде, ол былай деп жауап беріпті: «Бала деген артта қалар із, бақ деген аспанда ұшқан құс. Бұл өмірдің мәні сіз бен біз емес пе?». «Сіз бен біз» қарым –қатынасын өмірдің негізгі құндылығына дана бабаларымыз бүкіл Әлеммен диалог құруға ұмтылған: жер мен ғарышпен, тау мен таспен, су мен топырақпен, адамдар басқа тірі пенделермен. Сол себепті ата – бабаларымыз бүкіл әлемді сыйлап(жаратылыспен табиғатқа еш нұсқан келтірмеген) «Судың да сұрауы бар деп» ерекше қонақжай болды емес пе?! Ал, адамзат ғұламалары тек қарым – қатынас арқылы, диалог құру арқылы ғана Әлемді тануымыз ықтимал, яғни таным иен білім – адамдардың өзара әрекетінің нәтижесі деп есептеген. Демек, тіл – қатынас құралы ғана емес, оқу мен оқытуда, үйрену мен үйрету қатар жүретін білім алу жүйесіндегі қуатты құрал екендігі туралы бүгінгі таңда көптеген дәлелдер жеткілікті. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады [2].
Ал Мерсер мен Литлтон (2007) өз зерттеулерінің нәтижесінде диалогты сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейінің өсуіне де зор ықпал ететіндігін дәлелдейді. Яғни, диалогтік оқыту – «мұғалім – оқушы», «оқушы – оқушы» арасындағы интербелсенді, шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдісі. Диалогтік оқыту негізгі жеті модульдің бірі болып қана қоймайды, барлық модульді қамтиды және сабақтың өне бойында қолданыста болады десек артық айтқандық емес.
Бағдарламаны игергенннен кейінгі өз тәжірибемде көп пайдаланатын тиімділігі жоғары әдістің бірі – диалогтік оқыту. Сабақ барысында оқушылардың әңгімелесуінің, пікірлесуінің маңызы зор.Әсіресе, топтық, жұптық жұмыс барысында әр баланың өз ойын білдіруіне мүмкіндік туады. Диалогтік оқыту топпен жұмыс барысында көрінеді:
-Топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талдап-талқылай алуы, ортақ шешімге келе алуы барысында бірге ойлайды;
-Зерттеушілік әңгімеге тартылады, мәтіндегі берілген мәліметтерден басқа білетін танымдық ақпараттарды топ мүшелерімен бөліседі, болжамдар ұсынып, талқылайды;
-Талқылау барысында сөздік қорлары молаяды, бір – бірінен «жаңа» сөздер үйренеді;
-Бірін – бірі тыңдауға үйреніп, пікір алмасады.
-Өзге топтардан артта қалмас үшін жұмыла жұмыс жасауға, жауапкершілікке ұмтылады;
-Топ ішіндегі лидерлер «баяу» топ мүшелеріне қайта – қайта қайталатып, «сөйлеуіне» түрткі болады. Выготскийдің ЖАДА- сы жүзеге асады. Яғни, қабілетті құрдасының арқасында «сөйлеуге» мәжбүр болады.
Бұдан шығатын қорытынды, Мерсер (2005) айтқандай, құрдастар тобындағы «бірін – бірі оқыту» «мұғалім – оқушы» байланысынан әлде қайда бір – біріне ұғынықты, әрі айтылған ақпараттың естеріне ұзақ уақыт сақталатынын байқадым. Демек, алынған ақпарат дәл сол кезде ғана емес, болашақта керек кезінде жұмсауына «қорек» болады деген қорытынды жасадым.
Диалог түріндегі әңгімелесу барысында әртүрлі идеялар айтылады, қарсы пікірлерге де тап болады, мәмлеге келеді, тіпті «бұрын үндемейтін, нашар оқушы» болып келген оқушының «дәл» сол тартысты тақырып туралы өзгелер білмейтін танымдық мағлұматы бар «лидер» болып, өзін өзгелерге мойындататын сәттер де кездесіп жатады. Осы орайда оларға деген аз мадақ пен көтермелеудің өзі пәнге деген баланың көзқарасын өзгертетініне сендім. Мен бұл нәтижелерге бір немесе бірнеше сабақ өткізе салып жептедім. Бірқатар кедергілерге де кездестім. Олардың қатарына мыналарды жатқызар едім:
-Топқа бөліну барысындағы «шу»;
-Уақыттан ұтылу;
-Үлгерімі жоғары оқушылардың жауап беруге үлгермегендегі «наразылығы» мен «менмендігі»;
-Топтардың бірін – бірі бағалауға машықтанбағандығы.
Бұл кедергілерді жеңу үшін, сабақтың мақсатына жету барысында интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану сабақтың тартымдылығын арттырды.
Мысалы, сабақ алдындағы психологиялық ахуал. Таза диалогқа құрылады. «Атомдар мен молекулалар», «Айна», «Капитандар», «Түрлі – түсті алақан», «Акула – күш беруші», «Сатамын – сатып аламын» т.б. балалардың бірін –бірі тануымен сыйластығына жол ашса, бақылап тұрған мұғалім үшін әр бала туралы зор мәліметтер жинақтауға мүмкіндік береді. Әр жолы түрлерін өзгертуге тырыстым. Өйткені, келесі сабақтағы осы сәтті бала қызығушылықпен күтеді емес пе? Бұл менің пәніме деген баланың бет бұрғандығы деп түсіндім. Алғашқы кездері уақыттан ұтылдық, бірте – бірте үйренді.
Сабақтың мақсатына қарай әдіс – тәсілдерді таңдай алу да үлкен шеберлікті талап етеді, күтілген нәтижеге жеткізеді. Айталық, үй тапсырмасын тексеруде де диалогтік тәсілді тамаша жүзеге асыру арқылы бірнеше баланың немесе бүкіл сыныптың тапсырманы орындау барысын зерделеуге болады. Ол үшін мынандай тәсілдерді үнемі қолданамын: «2 ақиқат, 1 жалған», «Карта ойыны», «Велосипед», «Өрмекші торы», «Доп лақтыру», «Ыстық орындық». Бұл әдістер барысында «оқушы - оқушы» байланысы артып, «бірін – бірі оқыту» стратегиясы жүзеге асады. Сондай - ақ бұл жерде мән берілуге тиісті нәрсе – сұрақ қалай қойылды. Мысалы, «Велосипед» әдісінде сыныпта 20 бала балса, үй тапсырмасын еске түсіретін 20 сұрақ қойылады деген сөз. Бағыт беруші ретінде мен әр баланың өз жұбына қойып жатқан сұрағына мән беріп, тиянақты тыңдап, жоғары дәрежелі сұрақ па, әлде төмен дәрежелі сұрақ па, зерделеуге тырысамын. Себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақты түсінудің тиімді құралына айналады. Ал, өз тарапымнан қойылатын сынақтан өткізу сұрақтары арқылы Блум таксономиясының жинақтау мен талдау деңгейіндегі «Абылай хан мен Елбасы саясатын қай тұрғыдан салыстыра аласың?» немесе «Бір мысал келтіре аласың ба?» деген сияқты сұрақты қою арқылы үй тапсырмасын қорытуда әр оқушының :
- кез – келген ақпаратқа сындарлы көзқараспен сөйлеуіне;
- шынайы қызығушылығын анықтауға;
- бір – бірінен үйреніп, ықпал етуіне, сөйлеушіні құрметтеуге;
- тапсырмадағы қиындықтар мен кедергілерді анықтауға мүмкіндік аламын.
Ал «Шеңбер» әдісін пайдалану арқылы кей сәттерде өзім де тек бақылап, бағалаушы болмай «қатысушы» ролін «ойнаймын».
Жаңа сабақты меңгерту – бұл сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан әр ұстаздың жоспарлау барысындағы ұтымды әдіс – тәсілді таңдауға тиісті тұсы.Осы орайда мен топпен жүргізілетін мынадай: «Елшілер», «Апельсин жинау», «Кір жаю», «Ойлан –жұптас-пікірлес» әдістерін пайдаланамын. Ойларын айту, бөлісу, ортаға салу арқылы жүзеге асыра отырып, шыңдалған ойға бірте –бірте қадам жасауға итермелеймін. Пікірін ашық айтуға, түрлі идеяларды қабылдап, еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беремін. Сонымен қатар «ТВ шоу», «Стоп кадр» , «Санадағы кинофильм» әдістерін 5-6-7 сыныптарда қолдану балалардың қызығушылығы мен өзіндік қабілеттерін дамытып қана қоймай, тілдік, сөздік қорын молайтады.
Сабақтың бекітілу кезеңінде мен жазба жұмыстарын жасатуға, жариялауға күш саламын. Сайып келгенде , оқушының сабақтағы барлық әрекеттерін – талқылау, әңгімелесу, пікірталас, сұрақ қою, жауап беруді – оның қорытынды жазба жұмысын орындауға бағыттап, сол арқылы бағалауға да болады. Жазу – ойлаудың шырқау биігі деп есептесек, оқушы тарапынан өзіндік «менін» ашуға түрткі болады.Сондықтан да әр сабақтың аталған сәтінде жазу жұмыстарын жүргіздіртемін. Оқушының бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды жазбаша жұмыстарды орындауынан обьективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары – оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны. Ондай жазба жұмыстары қатарында мыналарды жасатамын: «10 сөйлемді эссе», «Еркін жазу», «БББ», INSERT, РАФТ, «Не? Қайда? Қашан?», «Венн диаграммасы», «Блум түймедағы».
Жазба жұмысы -шығармашылық. Сондықтан да оларды жариялау қажет. Жариялау дегеніміз басқаларға оқу, жеткізу. Егер дәстүрлі оқытуда оқушының жұмысын тек мұғалім ғана оқыса, қазіргі оқытуда анағұрым көп тыңдаушысы болған жұмыс соғұрлым жақсы болмақ. Жариялау – мадақтаудың бір түрі. Ол үшін:
- Жазылған жұмысты топ ішінде оқу.
- Жұмыстарыды сынып қабырғасына ілу.
- «Үздік эсселер» көрмесін ұйымдастыру.
- Жазба жұмыстарынан тақырыптық қабырға газаттерін шығару.
- Жұмыстарды\ эсселер, постерлер т.б\ тақырыптары бойынша жинақтап \ файлға \ кітапшалар жасап қоямын.
Бағалауға оқушылардың өздерінің араласуы – олар үшін үлкен жаңалық болды. Алғашында өздерін асыра бағалаушылық орын алды. Үшінші және төртінші сабақтардан кейінгі нұсқау беруден соң қалыптастырушы бағалаудағы «бірін – бірі» бағалауда бірқатар түсінушіліктер байқалды. Әсіресе критерийлер арқылы бағалауда шеберлік көрсетті. «5 болу үшін сен бұл критерийден шықпайсың» немесе «Мен ..... сыныптасыма 5 баға қоюды сізге ұсынамын. Өйткені мен оның сабақтағы жауабынан мынандай нәрселерді білдім» деген ескертпелер де айта алатын болды. Осылайша, «Өзін – өзі бағалауды» пайдалану барысында өз пікірлерін ашық айтуға дағдыланды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында, әділ, көз алдыда өтетін, дұрыс бағалауға үйренудің басы деп ойладым. Мен де сабақтың арасындағы әрбір атқарылған жұмыс үшін мадақтау тәсілі ретіндегі «Жарайсыңдар бұл топ!», «Үздік жауап болды!» деген ынталандырушы сөздермен демеп отырамын. Ал өзім жетістігі мен кемшіл тұстарын көрсете отырып қорытынды баға қоямын. Сабақтан соң кері байланыс жазуда да алғаш қиындықтар: «сабақ ұнады» немесе «жартылай ұнады» деп жаза салынған парақшалар кездесті. Бірақ, бұл парақшаның маңызына түсініктеме берілгенннен соң, уақыт өте келе «Бағдаршам», «Идеялар себеті», «Бәрі өз қолыңда», «Аяқталмаған сөйлем» арқылы өз ойларын жазып, тапсырманы жауапкершілікпен орындауға машықтанды. Өз әрекеттеріне рефлексия жасап, білім дәрежесін «Блоб ағашына», «Жетістіктер баспалдағына» орналастыратын болды.
Басқаны түсінуге, білімді игеруге, адам болуға, сондай – ақ адамгершілік қасиеттерді дарытуға диалог арқылы жетуге болатынын 1998 жылы өткен Әлемдік философиялық конгресте диалог – тұлғаның адамгершілік қасиеттерін иемдеруінің басты тәсілі деп атағаны бекер жайт емес болар [3].
Сөзімнің соңын ұлтымыздың атақты сөз зергері Әбділда Тәжібаевтың мына сөзімен қорытындылағым келеді:«Диалог – тек алма – кезек сөйлеу емес, ойдың соғысы, ой мен ойдың жалындауы, мінез бен мінездің найзаласуы, идея мен идеяның қылыштасуы».

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер [1.47 б].
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы [2.71б ].
3.Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс – тәсілдер [3.47б].

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
 
 
 

"Аналар асыл қазынам" Ертеңгілік

Автор: admin от 21-04-2017, 13:09, посмотрело: 1 956

1 "Алау" шағын орталығы. Ертеңгілік. Қозыбаева Ақмарал

Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Мақсаты: мерекелік көңіл күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал жабдықтар: безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра,сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа.

Ертеңгіліктің барысы:Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып билеп өтеді. / «тәттім -ау»әуенімен /

Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер, қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке.Құрметті аналар дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке-бірлік, жүректеріңізге тыныштық тілейміз. Олай болса бүгінгі аналарға,қыздарға, әжелерге арналған «Алау» шағын орталығының бүлдіршіндерінің «Асыл анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәрбиеші:
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Исін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана!
Балалар: Құттықтаймыз анашым, 8- наурызбен.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарға құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Тәрбиеші:
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Шұғыла:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Алдияр:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Айша:
Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың.
Би: «Көңіл толқыны»
Нұрбек:
«Боташым »дер саған
Кім сүйікті адам?
Ол-менің анам.
Інжу:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұрмухамед:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ойын: «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Айжұлдыз:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бақтияр:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Қара жорға»
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Тәрбиеші:
Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы,
Міне, осылай қойылым,
Көрсетті «Алау» бақшасы.
Тәрбиеші:
Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Сіздерді «Алау» шағын орталығы бүлдіршіндерінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналар, ардақты әжелер, сүйкімді балаларыңыз әрқашан аман болсын!!!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша

Автор: admin от 21-04-2017, 11:11, посмотрело: 1 498

0 Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы

Хантәңірі.  Тергеуісова Жаңылша


Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы

Хан тәңірі

Қатуланған қабағы, ызғарланған,
Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған.
Көк тіреген биік шың тәңір сыйы,
Сұлулықты алды екен құздар қайдан?

Бұлт қалпағы үйірілген басында,
Мұз шекпені ерімейді жасынға.
Айбатымен сес көрсетер қазақтың,
Абылайы елестейді расында.

Менсінбейді өзге мынау биікті,
Тәкаппарлық бір басына жиыпты.
Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің,
Тауып қойған атауыңды сүйікті.

Көз алды сұрғылт бұлттан тұманданып,
Төменде биіктікке құмар халық.
Жыр жазар ем құзар шың мекен болған,
Қыранның қанатынан тұмарға алып.

Тамашала табиғатты құр қалмай,
Ол да саған бар пейілін бұрғандай.
Қалт жібермей Хантәңірі адамның,
Ақ- қарасын ажыратып тұрғандай.

Бақ көтерсе төбең көкке тиіп тұр,
Керегі не жалған бедел жиып құр.
Биік болсаң осы шыңдай тағзым ет,
Халқыңа шын басыңды сәл иіп бір!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі. 10 сынып

Автор: admin от 21-04-2017, 10:55, посмотрело: 16 509

32 Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Нәруыздар туралы түсінік қалыптастыру. Нәруыздар туралы білімдерін бекіту.жүйелеу.Құрамына қарай
жасушада алатын орынын түсіндіру.
Дамытушылық:Топпен , жеке жұмыс жасауды жалғастыру; Өсімдік және жануарлар майының бір- бірінен айырмашылығын
көрсету. Липидтердің маңыздылығы туралы білім беруді дамыту.Химия пәнінен алған білімдерімен
байланыстыру.
Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа, ынтымақшылдыққа баулу
Жаңа терминдер арқылы ой өрістерін дамыту;
Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға , мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
1. Нәруыз құрамы құрылысымен танысты.
2.Нәруыз биологиялық полимер жасуша тіршілігіндегі ерекшеліктерімен танысты.
3.Көмірсу, липид, полимерлерімен нәруыздарды салыстырып,тіршіліктегі негізгі көзі екендігін дәлелдей отырып білім беруді тереңдете дамыту.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс Диалогтік оқыту Миға шабуыл АКТ Формативтік бағалаулар
Сілтеме: Биология оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар,
Органикалық заттар : Липидтер туралы сызба ,слайд.кестелер
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру 1 мин
Оқушылар 1-1- не сыныптастарына бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілегін айтады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
- Оқушыларды түгелдеу
- Сандық гүлдер арқылы 3топқа бөлу \ Сары, жасыл, қызыл\
- Топ ережесін сақтауын қадағалау
- Топты рөлдерге бөлу

Білу 6 мин Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Нәруыздар –басқа биополимерлермен салыстырғанда тіршіліктің тірегі –нәруыз макромолекулаға жатады.
2.Нәуыз мономерлері –амин қышқылдары,құрылысы жөнінен әртүрлі болады.
3. Нәруыз молекуласы гетерополиерге жатады:қызметтерін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Оқушының іс –әрекеті
1-топ- Көмірсулар мен май молекуласы арасындағы байланыс.
2-топ- Ол байланыстың жасуша тіршілігідегі маңызы.
3-топ-Май тәрізділердің суда ерімеу себебі.
Оқушылар топпен ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға флепчартқа сурет салу арқылы өз пікірлерін білдіреді Күтілетін нәтиже
Ойлау белсенділігі артады, бүгінгі жаңа тақырыпқа өз ойларын қосады.

Түсіну 10 мин Тәжірибе жасау арқылы ақпарат алады.
Кітаппен жұмыс
Нәруыздың құрамына а –жағдайдағы аминқышқылдары кіреді.Аминқышқылдары –NH2, - СООН топтары бойынша 1-1не ұқсас , ал R бөліктері бойынша айырмашылығы бар.Нәруыздың құрамында С; Н, О, N кіреді.кейбір нәруыздардың құрамында S,P, Fe –элементтерінің болатындығы туралы түсіндіру керек. Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды. Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады.
Дәптермен жұмыс.
. Липид-жасуша мембранасының ортаңғы қабаты,фосфолипид молекуласы.Барлық тірі организмдердің ең негізгі құрамы.
Оқушылар тақырыптың мазмүнын білуі керек, сондықтан ізденеді, бір-бірімен ынтымақтаса отырып,
шығармашылықпен айналысады.
Қолдану 3мин Оқушылар тест жауабын дұрыс табу арқылы ажыратады.

Мақсатқа жету үшін өз бойларындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады, жинақталады.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Автор: admin от 21-04-2017, 09:49, посмотрело: 2 730

13 Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Сынып жетекшілік ететін 8 «А» сынып оқушыларымен бірлесе отырып, біраз ақпараттар жинадық. Ауылдағы бірқатар Ұлы Отан соғысының отты жылдарына қатысқан аталарымыз жайлы ақпараттарды біріктірдік. Халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезеңдегі тылдағы еңбеккерлердің өміріндегі бел-белестеріне шолу жасай отырып, қазіргі кездегі көзі тірі Әлдибекова Ұлтуар апа мен Мәнкеева Бәтима апамен кездесуді жоспарладық.

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың 1418 тәулікке созылғаны бәрімізге белгілі.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталған.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды
Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандықтар аттанды.
70-ке жуық ел қатысып, 65 миллионнан астам адам өз өмірлерін қиды.
Солардың ішінде Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай ауылынан 135 ауылдас-тарымыз жастайынан соғысқа аттанып, солардың жартысы соғыс даласында жер жастан-ды. Қаншамасы жат жерде, ормандарда көмусіз қалды.
1916 жылы Қасымбаев Сыдыбай 1941 жылы әскерге алынып, Орлов қаласының маңындағы алғашқы ұрысқа, 1942 жылы шілде айында қазақтың 15-ші атқыштар полкінің құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан. Осы ұрыстардың бірінде жеңіл жарақат алып, Қазан қаласындағы госпитальда емделіп шығып қайтадан Сталинград майданында екінші рет өте ауыр жараланыпты. Он бір ай емделген Сыдыбай ата соғысқа жарамсыз болып, елге бірінші дәрежелі Даңқ орденімен бірнеше медальдармен оралады.
«Октябрь» колхозында жұмыс істеп жүрген 19 жасар Әлдибеков Балқамбай ата Отан қорғауға 1942 жылы қыркүйек айында шақырылыпты.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
 

Тұздар құрамы, жіктелуі. Химия 8 сынып

Автор: admin от 18-04-2017, 13:18, посмотрело: 2 981

3 Сабақтың тақырыбы Тұздар: құрамы,номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Сабақтың мақсаты Білімділік:Тұздардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы туралы біледі.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және таным қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықта, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
• 1. Тұздардың құрамымен, номенклатурасын біледі.
• 2. Тұздардың жіктелуін біледі
• 3. Тұздардың қасиеттерін біледі
• 4.Тұздардың алынуын біледі
• 5. Есеп шығара алады.
• 6. Берілген алгортм арқылы өз беттерімен мысал келтіріп талдайды
• 7. Тұздардың адамдарға, жануарға, өсімдіктердегі және шаруашылықтағы маңызы туралы жоба жасау
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, миға шабуыл, АКТ, Формативтік бағалаулар, көшбасшылық
Сілтеме Оқулықтағы, сабаққа арналған таныстырылымдар, периодтық жүйе, слайд .

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
Назад Вперед