Техникалық пән бірлестігі

Автор: admin от 26-04-2017, 18:19, посмотрело: 1 613

2 Техникалық пән бірлестігі
Техникалық пән бірлестігінде математика, информатика пәндері кіріктірілген. Бірлестікте 4 мұғалім жұмыс жасайды.
1. Математика пәнінен – 3 мұғалім;
2. Информатика пәнінен – 1 мұғалім сабақ береді.
Оның 1- жоғарғы категориялы, 3-бірінші категориялы

 

Техникалық пән бірлестігі

 


 

 

Сыбанқұлова Разия Сатбайқызы, бірлестік жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі

 

 

 

2002-2004 жылдары Қазақ Мемлекеттік қыздар педаогоика институтын информатик, информатика пәнінің оқытушысы мамандығын сырттай тәмәмдады. 2008 жылдан бастап техникалық пән бірлестігінің жетекшісі. Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын аяқтаған. Жоғарғы санатты. Райымбек ауданының білім бөлімінің мадақтамасымен, Алматы облыстық білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталған. Қазақстан Республикасы "Өрлеу" білім-ғылым технология интернет порталының Білім беру саласындағы айырықша еңбегі үшін "Ұлағатты ұстаз" төсбелгісімен марапатталған


Қаптағаев Әбунүсіп Аққозыұлы математика пәнінің мұғалімі

 

 

 


 


 

1973 жылдары алғашқы еңбек жолын бұрынғы Кеген ауданындағы Қарқара орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 01 қыркүйекте 1975 жылы Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы М.Горький атындағы мектепке ауысып келді. Содан зейнеткерлік демалысқа кеткенге дейін табжылмай осы мектепте істеп келеді. Аудандық білім басқармасының Құрмет грамотасымен бірнеше рет, мамандығы бойынша аттестациялау қорытындысымен Облыстық білім беру басқармасы "Құрмет грамотасымен" марапатталған. 

2003-2006 ж Майлы Орманов атындағы орта мектеп директорының орынбасары;
2006-2009 ж Мектеп психологы;
2017 ж зейнеткерлік демалыста, бірақ математика пәнінің мұғалімдері жетіспегендіктен еңбек етіп келеді.

Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы математика пәнінің мұғалімі

 

 

1969 ж аудан орталығы Шонжы ауылындағы қазақ орта мектебін үздік бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық инстетутының математика факультетіне оқуға түсіп, 1973 жылы «жақсы», «өте жақсы»деген бағаларға бітірді.
Аудандық білім басқармасының "Құрмет грамотасымен",1983 жылы мамандығы бойынша аттестациялау қорытындысымен Облыстық білім беру басқармасымен "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Осы жылы Қазақстан мұғалімдерінің VI съезін Кеген ауданынан барған төрт делегаттың біреуі болып қатысты.
1988-1991 ж Майлы Орманов атындағы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 1991-1995 ж аталған мектептің директоры болды. Ол басқарған тұстарда да мектеп аудандағы алдыңғы қатардағы мектептердің бірі болды.
1996 ж ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Білім озаты» төсбелгісімен марапатталды.
Мұғалімнің алғаш сабақ берген шікірттері республика көлемінде танымал. Сағатбек Медеубекұлы – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ң филология факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты. Омар Қиқым – М.Әуезов атындағы драма театрының актеры болса, ұстаздың жолын қуған Қабылбеков Кеңес, Қапезова Фарида, Мешелова Гүлфайра, Аққозиева Әсия, Жұмаділова Ғалия, Мешелова Бота, Жаужүрек Мақпал, Солтанбекова Маржан сынды шәкірттері педагогикалық білім беру саласында жемісті еңбек етіп келеді.

Алпысбаева Алтынай Өтенәліқызы математика пәнінің мұғалімі

Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес