«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Майлы Орманов атындағы мектеп» коммуналдық мемлекеттік

Автор: admin от 18-04-2022, 21:32, посмотрело: 394

0 «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Майлы Орманов атындағы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құрылған "Жарық жұлдыз" дебат клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен наурыз айында "Әдеп және ғұрып" тақырыбымен дебаттық турнир ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара мақсаты оқушыларға ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне айналған әдеп-ғұрыптар жайлы таныстыру.Халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы баяндап маңызын айту. Іс-шара барысында дебат турниріне қатысушыларға тақырыптық, презентация көрсетіліп таныстырылды. Дебатқа қатысушылар Қасымхан Дархан, Нурдаулет Әдемі, Нұрдаулет Сағдат,Шөкен Назерке, Скендір Нұртілеу, Акымжан Аяжан, Тойғанбек Аяжан, Қуандық Абылай, Есімхан Айдана, Марат Еділ,Туғанбай Толғанай өз белсенділіктерін көрсетті.

Категория: Оқушыларға / Оқушылар жетістіктері