Көңілді тапқырлар алаңы

Автор: admin от 24-04-2022, 02:11, посмотрело: 78

0 КТА жарысының мақсаты-оқушыларды ізденуге, командамен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, қызықты әзілдерді ойнау арқылы өнерге қызығушылығын арттыру. Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кеші ұйымдастырылды. Сайысқа «Демал», «Тәрбиелі бұзықтар»,  «Дарабоз», «Серілер» командалары қатысты.
«Көңілділер мен тапқырлар алаңы» сайысы үш кезеңнен тұрды.
1-кезең «Сәлемдесу». Бұл кезеңде қатысушылар өз тобын әзіл мен өнерді ұштастыра отырып таныстырып өтті. 
2-кезең – «Жанбату». Бұл кезеңде командалардан бір ойыншы шығып қызықты әзілдермен көрермендерді шаттыққа бөледі.
3-кезең – «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде барлық қатысушылар ортаға шақырылып, сұрақтарға әзіл арқылы жауап берді.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша, бас жүлдені 9  сыныбының «Тәрбиелі бұзықтар» командасы,  I орынды 10 "б" - сынып оқушыларынан құралған «Дарабоз» командасы,II орынды 10 "а" сынып оқушыларынан құралған "Серілер" командасы, III  орынды 8-сынып оқушыларынан құралған "Демал" командасы иеленді.
Ойы жүйрік, табан асты тапқыр оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кеші қызықты да, тартысты өтті.
Ұйымдастырушы:"Алғыр жастар" ұйымының жетекшісі Жаужүрек Мөлдір

                                                         

Категория: Іс-шаралар