5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтілді.

Автор: admin от 5-09-2023, 18:15, посмотрело: 56

0 "Алматы облысының білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Майлы Орманов атындағы орта мектеп" коммуналдық мекемесінде 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтілді."Тіл халық қазына" тақырыбында шара өткізілді.






Категория: Іс-шаралар

 

5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.

Автор: admin от 5-09-2023, 17:54, посмотрело: 57

0 Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант (бұдан әрі – Диктант) өтті.
Диктанттың тақырыбы – «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы».
Ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы;
- Астана, Алматы, Шымкент ққ. және облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері;
- ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалары, білім беру мекемелері;
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға атсалысу.
Жалпыхалықтық диктантқа Майлы Орманов атындағы орта мектептің 15мұғалімі мен 57оқушысы қатысты.





Категория: Іс-шаралар