Мектебімізде 12-22 -қазан аралығында «Техникалық пәндер» бірлестігінің онкүндігі болып өтті.

Автор: admin от 23-10-2023, 04:42, посмотрело: 60

0 Мектебімізде 12-22 -қазан аралығында «Техникалық пәндер» бірлестігінің онкүндігі болып өтті. 12 қазан күні информатика пәнінің мұғалімі Сыбанқұлова Разия 9 «а» -сыныбымен «Компьютердің конфигурациясы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты конфигурация ұғымы мен компьютердің негізгі құрылғыларының міндетін ажырата алу,дербес компьютердің құрылғыларын ажыратып,қолдану мақсатына қарай компьютердің конфигурациясын тексере алу.Сабақ барысында «Техникалық диктант», «Иә себебі, жоқ себебі», «Жүйелік блокты суреттер арқылы номерлеу» әдістері қолданылды.Сабақ практикум түрінде өтті,оқушылар практика жүзінде дербес компьютермен жұмыс жасай алды. 13 қазанда математика пәнінің мұғалімі Жаужүрек Мөлдір 8-сынып оқушыларымен «Математиканы білмесең,дұрыс өмір сүрмейсің» тақырыбында сайыс сабақ өткізді.Мақсаты:білім алушылардың математикалық сауаттылығын дамыту,логикалық ойлауын жетілдіру.Қазан айының 16 жұлдызында математика пәнінің мұғалімі Жаужүрек Мөлдір 5 «б» -сыныбымен «Жай бөлшектің негізгі қасиеті.Жай бөлшекті қысқарту» тақырыбында ашық сабақ өтті.Мақсаты:оқушылар жай бөлшектің негізгі қасиетімен танысады және жай бөлшектерді қысқарта алуды үйрену.Сабақ барысында оқушылардың деңгейін ескере отырып сараланған тапсырмалар ұсынылды. «Сәйкестендір», «Өзіңді тексер» әдістері қолданылды.Мұғалім өз мақсатына жете алды.17 қазанда математика пәнінің мұғалімі Алпысбаева Алтынай 9 «а» және «б» -сыныптарымен сыныптан тыс жұмыс ретінде «Ойлан,тап!» тақырыбымен сайыс сабақ өткізді.Мақсаты:оқушылардың зеректік қабілетін дамыту,ой-өрісін кеңейту,функционалдық сауаттылығын дамыту.Сайыс басында оқушылар топқа бөлу әдісімен үш топқа бөлінді.Сабақ өз мақсатына жетті.Сайыс сабақ білім алушылардың ұжымда дұрыс жұмыс жасауға,шапшаң ойлау алуға баулыды.18 қазанда математика пәнінің мұғалімі Алпысбаева Алтынай 7-сынып оқушыларымен «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.Мақсаты:алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу.Сабақ басында білім алушылардың әрқайсысына бағалау парағы үлестірілді. «Миға шабуыл», «Иә немесе жоқ» әдістері қолданылды






Категория: Іс-шаралар