29
Аралас құрмалас сөйлем. Қазақ тілі 8 сынып Жұмаділова Камила Даулетханқызы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Аралас құрмалас сөйлем туралы түсінік алады.
Дамытушылық:Өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту, тапқырлық қабілеттері мен сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:Ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, бірін- бірі құрметтеуге үйренеді
Күтілетін нәтеже
1.Аралас құрмалас сөйлемдер туралы түсінік алады.
2.Өзіндік қорытынды жасап, оны дәлелдей біледі.
3.Коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіп,өз ойларын жеткізе біледі.
4.Өз беттерімен және бір-біріне көмектесу арқылы шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.
5.Алған білімдерін сараптап,өзіндік тұжырым жасайды.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдәс- тәсілдер
Топтық жұмыс, миға шабуыл,
сын тұрғысынан ойлау, постер,
формативтік бағалау, өзіндік ой тұжырымға негізделген мәтін. т.б
Сілтеме Казақ тілі оқулығы, сабаққа арналған үлестірмелі кесте, таныстырылымдар,т.б
САБАҚ БАРЫСЫ
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру (2мин)
Оқушылар шеңбер құра тұрып, шеңбер бойымен бір-біріне жақсы тілектер білдіреді
Топқа болу (1 мин)
Оқушыларды сандық жүйе арқылы топқа бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтеже
Сабаққа мақсат қою (1мин)
Сәлеметсіңдер ме,балалар! Болашақ ғалым даналар! Бүгінгі сабақ біз үшін:
1-ден, Тағылым
2-ден, Өсиет
3-ден Адамдық ар
Оқушылар хормен:
1.Тыңдағанға ғибрат, іздегенге ғылым!
2.Өсемін дегенге-өріс Өзек нәрін танығанға-жеңіс, Талшық қылғанға-жеміс
3. Жүрегіңнен бастау алатын ізгілік бұлағы Оқушы назарын сабаққа аударады.
Білу (5 мин)
1-ші кезең. Ой қозғау
Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді.
Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, сөз тіркесінен өткен оқу материалын еске түсіреді
Өткен материалды еске түсіреді, ізденеді, ынтымақтаса отырып, ақылдасады
Түсіну (8 мин)
2-ші кезең. Ой көкпар
Постерге «Аралас құрмаластың » сызбасын салуды ұсынады.
«Екі жұлды,бір тілек» Формативтік бағалау Оқушылар ақылдаса отырып, «Аралас құрмаластың» сызбасын постерге
түсіреді. Қорғайды.
Топтар бірін-бірі бағалайды
Мақсатқа жету үшін өз бойларындағы барлық қаблеттерін көрсете отырып, білімдерін толықтырады.
Қолдану
3-кезең. Шпаргалка
Өз сызбаларын пайдаланып, сөйлемдер талдау
Әр топтан кезектесе отырып, бірнеше оқушы тақтаға шығып сөйлем тадайды.
Алған теориялық білімдерін қолданады.
Талдау (6 мин)
4-кезең. Жұмбақтас
Өтілген тақырыптар негізінде сұрақ -жауап өткізу ұсынылады.
Оқушылар жұптаса, топтаса отырып сұрақтар тізбесін жасайды.
Өз білімдерін толықтырады, өзгелерді тыңдауға, өз ой- пікірін жеткізуге үйренеді.
Жинақтау (7 мин)
5-кезең. Шешендікке ұмтылу.
«Сөз құдіреті» тақырыбында ертегі жаздырады Оқушылар берілген тақырып негізінде ертегі жазады.
Жеке немесе ынтымақтаса отырып шығармашылықпен айналысады.
Бағалау (5 мин)
6-кезең. Бақытты сәт
1. Әр топтан бір оқушы жазған ертегілерін оқытады.
2. «Саусақтар» стратегиясы арқылы оқушылардың өздерін бағалауы
3. Мұғалімнің жиынтық бағалауы
1. Әр топтан бір оқушы жазған ертегілерін оқиды.
2. «Саусақтар» стратегиясы арқылы оқушылар өздерін бағалалап, өзіндік ой қорытындысын жасайды.
Өз түсініетерін мәтін бағалауды құруды, өз білімдеріне баға беруді үйренеді.
Рефлекция (1 мин)
«Бес саусақ стратегиясы» сабаққа баға беру.
Үйге тапсырма
Бес сөйлемге тілдік талдау жасап, ереже жаттау