"Аналар асыл қазынам" Ертеңгілік

Автор: admin от 21-04-2017, 13:09, посмотрело: 1 961

1 "Алау" шағын орталығы. Ертеңгілік. Қозыбаева Ақмарал

Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Мақсаты: мерекелік көңіл күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал жабдықтар: безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра,сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа.

Ертеңгіліктің барысы:Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып билеп өтеді. / «тәттім -ау»әуенімен /

Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер, қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке.Құрметті аналар дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке-бірлік, жүректеріңізге тыныштық тілейміз. Олай болса бүгінгі аналарға,қыздарға, әжелерге арналған «Алау» шағын орталығының бүлдіршіндерінің «Асыл анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәрбиеші:
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Исін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана!
Балалар: Құттықтаймыз анашым, 8- наурызбен.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарға құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Тәрбиеші:
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Шұғыла:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Алдияр:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Айша:
Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың.
Би: «Көңіл толқыны»
Нұрбек:
«Боташым »дер саған
Кім сүйікті адам?
Ол-менің анам.
Інжу:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұрмухамед:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ойын: «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Айжұлдыз:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бақтияр:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Қара жорға»
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Тәрбиеші:
Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы,
Міне, осылай қойылым,
Көрсетті «Алау» бақшасы.
Тәрбиеші:
Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Сіздерді «Алау» шағын орталығы бүлдіршіндерінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналар, ардақты әжелер, сүйкімді балаларыңыз әрқашан аман болсын!!!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив