Ата-аналар жиналысынан

Автор: admin от 29-04-2017, 19:22, посмотрело: 25 618

125
Ата-аналар жиналысынан
Ата-аналар жиналысынан

Категория: Ата-аналарға

 

"Аналайын" ата-аналар комитеті

Автор: admin от 28-04-2017, 15:24, посмотрело: 3 568

11 «Айналайын» ата – аналар комитеті

1. Изентаев Айдын Әбдікерімұлы – ата – аналар комитетінің төрағасы
2. Жүнісбаева Эльза Болатқызы - ата – аналар комитетінің төрағасының орынбасары
3. Дәулетбақова Күлшат – ата – аналар комитетінің мүшесі
4. Қасымбекова Зауре - ата – аналар комитетінің мүшесі
5. Чинибаева Маржан Нұрданқызы – мектепішілік ата – аналар комитетінің жетекшісі

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан да ата – ананың негізгі міндеттері:
- Баланың үздіксіз дамуын қадағалау.
- Бала денсаулығына қамқорлық жасау.
- Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу.
- Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту, болашақ өмірге дайындау.
Мектепте ата-аналар мен мектеп ұжымының бірле атқаратын жұмыстары жоспарланып, жолға қойылған. Мысалы::
- ата - аналарды балаларының оқу нәтижелері туралы хабардар етіп отыру
- ата - аналардың балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету
- қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізу
- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу
Желтоқсан айында 1 сынып білім алушылардың ата - аналарымен «1-сынып ата-аналарын жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру» тақырыбымен семинар болып өтті. Мақсаты: білім алушылардың ата-аналарына жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушы білімін бағалаудың ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Семинар барысында ата – аналарға «Қалыптастырушы бағалауға» байланысты бейнефильм көрсетілді. Ата – аналармен топтық жұмыс ұйымдастырылып, оқушы портфолиосы үлгісі, бағалау шәкілі, электрондық журнал, ата-аналарға арналған ашық есік күні туралы таныстылым жасалды. Семинар соңында критериалды бағалауға байланысты «ата-аналарға арналған жадынама» таратылды.
Ата – аналар жұмысын жандандыру мақсатында «Баланың басты ұстазы ата – ана» тақырыбымен жалпы ата - аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібіне:
1. «Жаңартылған білім беру мазмұны, үштілділік». Баяндама - Ғ.Д. Жұмаділова
2. «Конституциялық құқық және міндеттер, ата – ана жауапкершілігі». Баяндама – Г.Қ. Оспанбекова
3. «Компьютер және бала денсаулығы. Мәлімдеме – Р.С. Сыбанқұлова.
4. «Баланың басты ұстазы ата – ана». Мәлімдеме – Н.С. Алишева.
Жиналысқа жалпы 58 ата – ана, оқушы санына шаққанда 195 ата – ана қатысты.
Мәлімдеме жасаушылардың барлығы ата – аналармен «Жаңартылған білім беру мазмұны, үштілділік», яғни оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету туралы, отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатындығын, ата – ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайтындығы және тағы да басқа ата – аналарға қажетті ақпараттармен бөлісіп, видеороликтер көрсетті.
Қаңтар айында мектеп психологы Н.С. Алишеваның ұйымдастыруымен 1 - 9сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсетілді. Шара барысында бала мен ата – ананың арасындағы қарым – қатынас, мемлекеттік емтихан барысындағы қолдау, баланың сабақтан тыс уақыттағы демалысын ата – анамен бірлесе отырып тиімді ұйымдастыру туралы сауалнамалар алынып, слайд – презентациялар көрсетіліп, тренингтер ұйымдастырылды.
Наурыз айында 4 сыныптар арасында «Анаға қарап қыз өсер» атты аналары мен қыздар байқауы болып өтті. Байқауға Әкімжанова Жамал қызы Еренбай Сабинамен, Усманова Роза қызы Нұрғазы Аружанмен, Алиева Айгерім қызы Есімхан Айданамен, Қырғызбаева Жаңылхан қызы Айбекқызы Айғаныммен, Әбішева Гүлзат қызы Нұрсәлім Алтынаймен қатысты. Аналар өзара 4 кезең бойынша жарысқа түсіп, нәтижесінде Усманова Роза «Ару ана – 2017» атағына ие болды. Жетекшісі М.Н. Чинибаева.
«Жанұям - қорғаным, ата-анам – тірегім» демекші, қоғам да, мемлекетте үйден, отбасынан басталады. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Категория: Ата-аналарға

 
 

Әдеп және ғұрып

Автор: admin от 19-04-2022, 19:00, посмотрело: 445

7 «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Майлы Орманов атындағы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құрылған "Жарық жұлдыз" дебат клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен наурыз айында "Әдеп және ғұрып" тақырыбымен дебаттық турнир ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара мақсаты оқушыларға ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне айналған әдеп-ғұрыптар жайлы таныстыру.Халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы баяндап маңызын айту. Іс-шара барысында дебат турниріне қатысушыларға тақырыптық, презентация көрсетіліп таныстырылды. Дебатқа қатысушылар Қасымхан Дархан, Нурдаулет Әдемі, Нұрдаулет Сағдат,Шөкен Назерке, Скендір Нұртілеу, Акымжан Аяжан, Тойғанбек Аяжан, Қуандық Абылай, Есімхан Айдана, Марат Еділ,Туғанбай Толғанай өз белсенділіктерін көрсетті.

Категория: Ата-аналарға