Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша

Автор: admin от 21-04-2017, 11:11, посмотрело: 1 510

0 Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы

Хантәңірі.  Тергеуісова Жаңылша


Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы

Хан тәңірі

Қатуланған қабағы, ызғарланған,
Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған.
Көк тіреген биік шың тәңір сыйы,
Сұлулықты алды екен құздар қайдан?

Бұлт қалпағы үйірілген басында,
Мұз шекпені ерімейді жасынға.
Айбатымен сес көрсетер қазақтың,
Абылайы елестейді расында.

Менсінбейді өзге мынау биікті,
Тәкаппарлық бір басына жиыпты.
Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің,
Тауып қойған атауыңды сүйікті.

Көз алды сұрғылт бұлттан тұманданып,
Төменде биіктікке құмар халық.
Жыр жазар ем құзар шың мекен болған,
Қыранның қанатынан тұмарға алып.

Тамашала табиғатты құр қалмай,
Ол да саған бар пейілін бұрғандай.
Қалт жібермей Хантәңірі адамның,
Ақ- қарасын ажыратып тұрғандай.

Бақ көтерсе төбең көкке тиіп тұр,
Керегі не жалған бедел жиып құр.
Биік болсаң осы шыңдай тағзым ет,
Халқыңа шын басыңды сәл иіп бір!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив