Диктанттың тақырыбы – «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы».
Ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы;
- Астана, Алматы, Шымкент ққ. және облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері;
- ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалары, білім беру мекемелері;
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға атсалысу.
Жалпыхалықтық диктантқа Майлы Орманов атындағы орта мектептің 15мұғалімі мен 57оқушысы қатысты.



















Ағылшын тілі пәні мұғалімі Берікбекқызы Бағланның күнтізбелік-тақырыптық жоспары 2023-2024 оқу жылы