Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 21-04-2017, 13:20, посмотрело: 1 596

2
Мектеп әкімшілігі

Мектеп әкімшілігі

 


Категория: Біз туралы / Мұғалімдер

 

"Аналар асыл қазынам" Ертеңгілік

Автор: admin от 21-04-2017, 13:09, посмотрело: 1 962

1 "Алау" шағын орталығы. Ертеңгілік. Қозыбаева Ақмарал

Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Мақсаты: мерекелік көңіл күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал жабдықтар: безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра,сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа.

Ертеңгіліктің барысы:Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып билеп өтеді. / «тәттім -ау»әуенімен /

Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер, қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке.Құрметті аналар дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке-бірлік, жүректеріңізге тыныштық тілейміз. Олай болса бүгінгі аналарға,қыздарға, әжелерге арналған «Алау» шағын орталығының бүлдіршіндерінің «Асыл анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәрбиеші:
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Исін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана!
Балалар: Құттықтаймыз анашым, 8- наурызбен.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарға құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Тәрбиеші:
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Шұғыла:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Алдияр:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Айша:
Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың.
Би: «Көңіл толқыны»
Нұрбек:
«Боташым »дер саған
Кім сүйікті адам?
Ол-менің анам.
Інжу:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұрмухамед:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ойын: «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Айжұлдыз:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бақтияр:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Қара жорға»
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Тәрбиеші:
Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы,
Міне, осылай қойылым,
Көрсетті «Алау» бақшасы.
Тәрбиеші:
Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Сіздерді «Алау» шағын орталығы бүлдіршіндерінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналар, ардақты әжелер, сүйкімді балаларыңыз әрқашан аман болсын!!!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша

Автор: admin от 21-04-2017, 11:11, посмотрело: 1 508

0 Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы

Хантәңірі.  Тергеуісова Жаңылша


Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы

Хан тәңірі

Қатуланған қабағы, ызғарланған,
Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған.
Көк тіреген биік шың тәңір сыйы,
Сұлулықты алды екен құздар қайдан?

Бұлт қалпағы үйірілген басында,
Мұз шекпені ерімейді жасынға.
Айбатымен сес көрсетер қазақтың,
Абылайы елестейді расында.

Менсінбейді өзге мынау биікті,
Тәкаппарлық бір басына жиыпты.
Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің,
Тауып қойған атауыңды сүйікті.

Көз алды сұрғылт бұлттан тұманданып,
Төменде биіктікке құмар халық.
Жыр жазар ем құзар шың мекен болған,
Қыранның қанатынан тұмарға алып.

Тамашала табиғатты құр қалмай,
Ол да саған бар пейілін бұрғандай.
Қалт жібермей Хантәңірі адамның,
Ақ- қарасын ажыратып тұрғандай.

Бақ көтерсе төбең көкке тиіп тұр,
Керегі не жалған бедел жиып құр.
Биік болсаң осы шыңдай тағзым ет,
Халқыңа шын басыңды сәл иіп бір!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі. 10 сынып

Автор: admin от 21-04-2017, 10:55, посмотрело: 16 570

32 Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Нәруыздар туралы түсінік қалыптастыру. Нәруыздар туралы білімдерін бекіту.жүйелеу.Құрамына қарай
жасушада алатын орынын түсіндіру.
Дамытушылық:Топпен , жеке жұмыс жасауды жалғастыру; Өсімдік және жануарлар майының бір- бірінен айырмашылығын
көрсету. Липидтердің маңыздылығы туралы білім беруді дамыту.Химия пәнінен алған білімдерімен
байланыстыру.
Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа, ынтымақшылдыққа баулу
Жаңа терминдер арқылы ой өрістерін дамыту;
Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға , мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
1. Нәруыз құрамы құрылысымен танысты.
2.Нәруыз биологиялық полимер жасуша тіршілігіндегі ерекшеліктерімен танысты.
3.Көмірсу, липид, полимерлерімен нәруыздарды салыстырып,тіршіліктегі негізгі көзі екендігін дәлелдей отырып білім беруді тереңдете дамыту.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс Диалогтік оқыту Миға шабуыл АКТ Формативтік бағалаулар
Сілтеме: Биология оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар,
Органикалық заттар : Липидтер туралы сызба ,слайд.кестелер
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру 1 мин
Оқушылар 1-1- не сыныптастарына бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілегін айтады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
- Оқушыларды түгелдеу
- Сандық гүлдер арқылы 3топқа бөлу \ Сары, жасыл, қызыл\
- Топ ережесін сақтауын қадағалау
- Топты рөлдерге бөлу

Білу 6 мин Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Нәруыздар –басқа биополимерлермен салыстырғанда тіршіліктің тірегі –нәруыз макромолекулаға жатады.
2.Нәуыз мономерлері –амин қышқылдары,құрылысы жөнінен әртүрлі болады.
3. Нәруыз молекуласы гетерополиерге жатады:қызметтерін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Оқушының іс –әрекеті
1-топ- Көмірсулар мен май молекуласы арасындағы байланыс.
2-топ- Ол байланыстың жасуша тіршілігідегі маңызы.
3-топ-Май тәрізділердің суда ерімеу себебі.
Оқушылар топпен ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға флепчартқа сурет салу арқылы өз пікірлерін білдіреді Күтілетін нәтиже
Ойлау белсенділігі артады, бүгінгі жаңа тақырыпқа өз ойларын қосады.

Түсіну 10 мин Тәжірибе жасау арқылы ақпарат алады.
Кітаппен жұмыс
Нәруыздың құрамына а –жағдайдағы аминқышқылдары кіреді.Аминқышқылдары –NH2, - СООН топтары бойынша 1-1не ұқсас , ал R бөліктері бойынша айырмашылығы бар.Нәруыздың құрамында С; Н, О, N кіреді.кейбір нәруыздардың құрамында S,P, Fe –элементтерінің болатындығы туралы түсіндіру керек. Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды. Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады.
Дәптермен жұмыс.
. Липид-жасуша мембранасының ортаңғы қабаты,фосфолипид молекуласы.Барлық тірі организмдердің ең негізгі құрамы.
Оқушылар тақырыптың мазмүнын білуі керек, сондықтан ізденеді, бір-бірімен ынтымақтаса отырып,
шығармашылықпен айналысады.
Қолдану 3мин Оқушылар тест жауабын дұрыс табу арқылы ажыратады.

Мақсатқа жету үшін өз бойларындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады, жинақталады.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Автор: admin от 21-04-2017, 09:49, посмотрело: 2 737

13 Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Сынып жетекшілік ететін 8 «А» сынып оқушыларымен бірлесе отырып, біраз ақпараттар жинадық. Ауылдағы бірқатар Ұлы Отан соғысының отты жылдарына қатысқан аталарымыз жайлы ақпараттарды біріктірдік. Халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезеңдегі тылдағы еңбеккерлердің өміріндегі бел-белестеріне шолу жасай отырып, қазіргі кездегі көзі тірі Әлдибекова Ұлтуар апа мен Мәнкеева Бәтима апамен кездесуді жоспарладық.

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың 1418 тәулікке созылғаны бәрімізге белгілі.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталған.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды
Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандықтар аттанды.
70-ке жуық ел қатысып, 65 миллионнан астам адам өз өмірлерін қиды.
Солардың ішінде Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай ауылынан 135 ауылдас-тарымыз жастайынан соғысқа аттанып, солардың жартысы соғыс даласында жер жастан-ды. Қаншамасы жат жерде, ормандарда көмусіз қалды.
1916 жылы Қасымбаев Сыдыбай 1941 жылы әскерге алынып, Орлов қаласының маңындағы алғашқы ұрысқа, 1942 жылы шілде айында қазақтың 15-ші атқыштар полкінің құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан. Осы ұрыстардың бірінде жеңіл жарақат алып, Қазан қаласындағы госпитальда емделіп шығып қайтадан Сталинград майданында екінші рет өте ауыр жараланыпты. Он бір ай емделген Сыдыбай ата соғысқа жарамсыз болып, елге бірінші дәрежелі Даңқ орденімен бірнеше медальдармен оралады.
«Октябрь» колхозында жұмыс істеп жүрген 19 жасар Әлдибеков Балқамбай ата Отан қорғауға 1942 жылы қыркүйек айында шақырылыпты.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
 

Тұздар құрамы, жіктелуі. Химия 8 сынып

Автор: admin от 18-04-2017, 13:18, посмотрело: 2 997

3 Сабақтың тақырыбы Тұздар: құрамы,номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Сабақтың мақсаты Білімділік:Тұздардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы туралы біледі.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және таным қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықта, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
• 1. Тұздардың құрамымен, номенклатурасын біледі.
• 2. Тұздардың жіктелуін біледі
• 3. Тұздардың қасиеттерін біледі
• 4.Тұздардың алынуын біледі
• 5. Есеп шығара алады.
• 6. Берілген алгортм арқылы өз беттерімен мысал келтіріп талдайды
• 7. Тұздардың адамдарға, жануарға, өсімдіктердегі және шаруашылықтағы маңызы туралы жоба жасау
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, миға шабуыл, АКТ, Формативтік бағалаулар, көшбасшылық
Сілтеме Оқулықтағы, сабаққа арналған таныстырылымдар, периодтық жүйе, слайд .

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Саптық жаттығулар. Дене шынықтыру. 7 сынып

Автор: admin от 18-04-2017, 13:09, посмотрело: 2 405

1 Сабақтың тақырыбы: Саптық жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Дененің жекелеген бөліктерінің қимылын және олардың өзара үйлесімді болуын дамыту. Пәнге
деген қызығушылығын ояту. Дене еңбегі мен ой еңбегіне тәрбиелеу.
Дайындық бөлімі: 10 минут
Сергіту сәті: 7-8 минут

Кезекші мәліметі
Оқушылардың сабаққа қатысуын және тиісті спорттық киімінің болуын тексеру, қауіпсіздік ережесімен, сабақтың тақырыбымен таныстыру
Сапқа тұру, жай жүру, жүгіру, жалпы дене қыздыру жаттығулары
жасау
-Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
-Белге арналған жаттығулар
-Иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
-Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine