Мектеп психологі Алишева Назира Скендировна

Автор: admin от 21-04-2017, 12:30, посмотрело: 1 162

1 Педагог – психолог
Алишева Назира Скендировна

Мектеп психологі   Алишева Назира Скендировна



23 қараша 1976 жылы Райымбек ауданы Жылысай ауылында дүниеге келген. 1993 жылдары Максим Горький орта мектебін бітіріп, 2000 ж Әл Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін географ мамандығын алып шықты.
2011-2013 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психология мамандығы бойынша тамамдады. 2014 жылдан бастап география пәнінің мұғалімдігімен қосып психолог қызметін атқаруда.
Негізгі проблемасы: «Оқушы мен мұғалімге оқу үрдісінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру».
2015 жылы «Біліктілікті арттырудың альтернативті технологиясы» бойынша өз білімін көтерген.
2014 жылы Астана қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі курсын
аяқтады.

Категория:

 

Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша

Автор: admin от 21-04-2017, 11:11, посмотрело: 1 510

0 Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы

Хантәңірі.  Тергеуісова Жаңылша


Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы

Хан тәңірі

Қатуланған қабағы, ызғарланған,
Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған.
Көк тіреген биік шың тәңір сыйы,
Сұлулықты алды екен құздар қайдан?

Бұлт қалпағы үйірілген басында,
Мұз шекпені ерімейді жасынға.
Айбатымен сес көрсетер қазақтың,
Абылайы елестейді расында.

Менсінбейді өзге мынау биікті,
Тәкаппарлық бір басына жиыпты.
Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің,
Тауып қойған атауыңды сүйікті.

Көз алды сұрғылт бұлттан тұманданып,
Төменде биіктікке құмар халық.
Жыр жазар ем құзар шың мекен болған,
Қыранның қанатынан тұмарға алып.

Тамашала табиғатты құр қалмай,
Ол да саған бар пейілін бұрғандай.
Қалт жібермей Хантәңірі адамның,
Ақ- қарасын ажыратып тұрғандай.

Бақ көтерсе төбең көкке тиіп тұр,
Керегі не жалған бедел жиып құр.
Биік болсаң осы шыңдай тағзым ет,
Халқыңа шын басыңды сәл иіп бір!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі. 10 сынып

Автор: admin от 21-04-2017, 10:55, посмотрело: 16 580

32 Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттар: Нәруыздар құрылысы,қасиеттері атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Нәруыздар туралы түсінік қалыптастыру. Нәруыздар туралы білімдерін бекіту.жүйелеу.Құрамына қарай
жасушада алатын орынын түсіндіру.
Дамытушылық:Топпен , жеке жұмыс жасауды жалғастыру; Өсімдік және жануарлар майының бір- бірінен айырмашылығын
көрсету. Липидтердің маңыздылығы туралы білім беруді дамыту.Химия пәнінен алған білімдерімен
байланыстыру.
Тәрбиелік:Ұжымшылдыққа, ынтымақшылдыққа баулу
Жаңа терминдер арқылы ой өрістерін дамыту;
Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға , мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже
1. Нәруыз құрамы құрылысымен танысты.
2.Нәруыз биологиялық полимер жасуша тіршілігіндегі ерекшеліктерімен танысты.
3.Көмірсу, липид, полимерлерімен нәруыздарды салыстырып,тіршіліктегі негізгі көзі екендігін дәлелдей отырып білім беруді тереңдете дамыту.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс Диалогтік оқыту Миға шабуыл АКТ Формативтік бағалаулар
Сілтеме: Биология оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар,
Органикалық заттар : Липидтер туралы сызба ,слайд.кестелер
Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгерту

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру 1 мин
Оқушылар 1-1- не сыныптастарына бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, тілегін айтады.

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
- Оқушыларды түгелдеу
- Сандық гүлдер арқылы 3топқа бөлу \ Сары, жасыл, қызыл\
- Топ ережесін сақтауын қадағалау
- Топты рөлдерге бөлу

Білу 6 мин Мұғалімнің іс-әрекеті
1.Нәруыздар –басқа биополимерлермен салыстырғанда тіршіліктің тірегі –нәруыз макромолекулаға жатады.
2.Нәуыз мономерлері –амин қышқылдары,құрылысы жөнінен әртүрлі болады.
3. Нәруыз молекуласы гетерополиерге жатады:қызметтерін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Оқушының іс –әрекеті
1-топ- Көмірсулар мен май молекуласы арасындағы байланыс.
2-топ- Ол байланыстың жасуша тіршілігідегі маңызы.
3-топ-Май тәрізділердің суда ерімеу себебі.
Оқушылар топпен ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға флепчартқа сурет салу арқылы өз пікірлерін білдіреді Күтілетін нәтиже
Ойлау белсенділігі артады, бүгінгі жаңа тақырыпқа өз ойларын қосады.

Түсіну 10 мин Тәжірибе жасау арқылы ақпарат алады.
Кітаппен жұмыс
Нәруыздың құрамына а –жағдайдағы аминқышқылдары кіреді.Аминқышқылдары –NH2, - СООН топтары бойынша 1-1не ұқсас , ал R бөліктері бойынша айырмашылығы бар.Нәруыздың құрамында С; Н, О, N кіреді.кейбір нәруыздардың құрамында S,P, Fe –элементтерінің болатындығы туралы түсіндіру керек. Оқушылар сабақты мұқият тыңдайды. Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады.
Дәптермен жұмыс.
. Липид-жасуша мембранасының ортаңғы қабаты,фосфолипид молекуласы.Барлық тірі организмдердің ең негізгі құрамы.
Оқушылар тақырыптың мазмүнын білуі керек, сондықтан ізденеді, бір-бірімен ынтымақтаса отырып,
шығармашылықпен айналысады.
Қолдану 3мин Оқушылар тест жауабын дұрыс табу арқылы ажыратады.

Мақсатқа жету үшін өз бойларындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады, жинақталады.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Жаратылыстану пән бірлестігі

Автор: admin от 21-04-2017, 10:29, посмотрело: 7 195

156
Жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі. Химия пәнінің мұғалімі
Назарбаева Гульнур Оракбаевна


Жаратылыстану пән бірлестігі


Біліктілік санаты: I біліктілік санат. Еңбек өтілі - 15 жыл. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің химия факультетін бітірген.
Пән бойынша курстан ҚР педагог кадрларының бірінші (ілгері) өтуі: деңгей бағдарламасының куәлігі 22.07-25.10.2013 ж серия М-I №002820 ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының сертификаты 11.11.2013ж I № 0001141 Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының сертификаты 6.11.2013ж №2013-370
Наградасы: Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Химия магистрі академиялық дәрежесі, магистрлік жұмысты
орындауда жеткен жетістігі үшін химия факультетінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2000 жыл
 
 Мамбетова Гүлнар  Таласбаевна биология пәнінің мұғалімі
 

 



 Білімі жоғары . Қазақтың Қыздар Педагогикалық Институтын биология-химия пәні бойынша 1985 жылы бітірген. Жоғары санатты. 
- 2013 жылы Талдықорған қаласында 22 шілде- 25 қазан аралығында ҚР- сы педагог кадрларының біліктілігін 
арттырудың бірінші \ іргелі\ деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курстарын аяқтады.
- «2016 жылы 11 қараша Назарбаев Зияткерлік мектептері »ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 
«Тәжірибедегі рефлексия » мектеп тренерлік оқыту курсын аяқтады. 

Категория: Ашық орган / Қамқоршылық кеңес

 

Сабақта оқушы белсенділігін арттырудағы бағалаудың орны

Автор: admin от 21-04-2017, 10:12, посмотрело: 2 317

8 Сабақта оқушы белсенділігін арттырудағы бағалаудың орны. Мамбетова Гүлнар Таласбаевна

Оқу –тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалімнің шығармашылығы маңызды қызмет атқарады. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру жолдарын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып,психология және педагогика ғылымдарын толық меңгеріп ондағы ғылыми жаңалақтарды озық тәжірибелерді үнемі сабақ барысында пайдаланып отыруы тиіс. Мысалы, Ұлыбританияның Кембридж тәсілдерін меңгеру,сабақта пайдалану қазіргі заман талабы. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушылардың білімге деген белсенділігін арттыруда мұғалімнің қызметі жемісті болады.
Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына сай болады. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділігін артырудағы мұғалімнің үздіксіз ізденуі- бүгінгі күннің талабы.
Оқушының пәнге қызығушылығын артыруда сабақтың алатын орны ерекше. Өйткені оқу -тәрбие жұмысы сабақ процесінде бер барысында сабақта іледі. Сабақ барысында мұғалімнің алға қоятын мақсаты-оқушы білімінің терең де тиянақты болуын қамтамасыз ету. Оқушы білімі мен біліктілігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі – оқушы білімін бағалау. Әрбір сабақта оқушының білімін бағалау күнделікті сабақта жүргізілетін процесс. Баға қою тәртібі әр пәннің өз ерекшелігіне сәйкес жүреді. Мысалы, биология пәнінен қойылатын бағалар, физика, математика , химиядан қойылатын бағалардан өзгеше. Барлық баланың қабілеті сабақта бірдей емес. Сондықтан кембридж әдісі мен оқыту топтық, жұптық жұмыс жүргізу арқылы барлық сыныптағы оқушылардың «оқушы үнін »естуге болады. Ол оқушыларға қиындау тапсырмалар беру арқылы жақсы баға алуға еңбектеніп, үнсіз отырған оқушыны тапсырманы айтуға , қызығушылығын аша түсуге , ойын ашық айтуға жаттығады.Мадақтай отырып бағалау оқушы белсенділігін арттыруына көмегі тиері сөзсіз. Осы негізде бағалаудың мына түрлерін өз сабағымда пайдаланып нәтижесін көріп жүрмін.

Категория: Оқушыларға / Оқушылар жетістіктері

 

Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Автор: admin от 21-04-2017, 09:49, посмотрело: 2 741

13 Шалғай жатқан Жылысайдағы Ұлы бабалар тағылымы

Сынып жетекшілік ететін 8 «А» сынып оқушыларымен бірлесе отырып, біраз ақпараттар жинадық. Ауылдағы бірқатар Ұлы Отан соғысының отты жылдарына қатысқан аталарымыз жайлы ақпараттарды біріктірдік. Халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезеңдегі тылдағы еңбеккерлердің өміріндегі бел-белестеріне шолу жасай отырып, қазіргі кездегі көзі тірі Әлдибекова Ұлтуар апа мен Мәнкеева Бәтима апамен кездесуді жоспарладық.

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың 1418 тәулікке созылғаны бәрімізге белгілі.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталған.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды
Отан соғысы жылдары 1 миллион 200 мың қазақстандықтар аттанды.
70-ке жуық ел қатысып, 65 миллионнан астам адам өз өмірлерін қиды.
Солардың ішінде Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай ауылынан 135 ауылдас-тарымыз жастайынан соғысқа аттанып, солардың жартысы соғыс даласында жер жастан-ды. Қаншамасы жат жерде, ормандарда көмусіз қалды.
1916 жылы Қасымбаев Сыдыбай 1941 жылы әскерге алынып, Орлов қаласының маңындағы алғашқы ұрысқа, 1942 жылы шілде айында қазақтың 15-ші атқыштар полкінің құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан. Осы ұрыстардың бірінде жеңіл жарақат алып, Қазан қаласындағы госпитальда емделіп шығып қайтадан Сталинград майданында екінші рет өте ауыр жараланыпты. Он бір ай емделген Сыдыбай ата соғысқа жарамсыз болып, елге бірінші дәрежелі Даңқ орденімен бірнеше медальдармен оралады.
«Октябрь» колхозында жұмыс істеп жүрген 19 жасар Әлдибеков Балқамбай ата Отан қорғауға 1942 жылы қыркүйек айында шақырылыпты.

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
 
 
 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine