Ардагер ұстаздардың кездесуі

Автор: admin от 21-04-2017, 13:24, посмотрело: 1 652

2
Ардагер ұстаздардың кездесуі

Категория: Іс-шаралар

 

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 21-04-2017, 13:20, посмотрело: 1 596

2
Мектеп әкімшілігі

Мектеп әкімшілігі

 


Категория: Біз туралы / Мұғалімдер

 
 

"Алау" шағын орталығының меңгерушісі Қозыбаева Ақмарал

Автор: admin от 21-04-2017, 13:12, посмотрело: 1 019

1 "Алау" шағын орталығының меңгерушісі
Қозыбаева Ақмарал
- 30 қазан 1982 жылы Райымбек ауданы Шыбышы ауылында дүниеге келген.
- 1989-2000 жылдары Райымбек ауданы Шыбышы ауылындағы Бестөбе орта мектебінде білім алған.
- 2000-2003 жылдары Талғар қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы заң колледжінің «Құқықтану» факльтетін оқып, бітірген.
- 2003-2006 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Тарих құқық және экономика» негіздері факльтетінде оқыды.
- 2008-2013 жылдары Майлы Орманов атындағы орта мектебінде іс жүргізуші.
- 2013-2014 жылдары аралығында мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.
- 2015-2017 жылдары Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында «Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алуда.
- 2014 жылдың тамыз айынан бастап мектеп жанындағы «Алау» шағын орталығының аға тәрбиешісі.
- 2014 жылдың тамыз айында АОМКДИ –де «Мектепке дейінгі білім беруде педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктері» тақырыбында курсынан өткен

Категория:

 

"Аналар асыл қазынам" Ертеңгілік

Автор: admin от 21-04-2017, 13:09, посмотрело: 1 962

1 "Алау" шағын орталығы. Ертеңгілік. Қозыбаева Ақмарал

Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»
Мақсаты: мерекелік көңіл күйін құру,ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал жабдықтар: безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра,сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа.

Ертеңгіліктің барысы:Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып билеп өтеді. / «тәттім -ау»әуенімен /

Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер, қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке.Құрметті аналар дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке-бірлік, жүректеріңізге тыныштық тілейміз. Олай болса бүгінгі аналарға,қыздарға, әжелерге арналған «Алау» шағын орталығының бүлдіршіндерінің «Асыл анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәрбиеші:
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Исін жұпар аңқытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана!
Балалар: Құттықтаймыз анашым, 8- наурызбен.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарға құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Тәрбиеші:
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Шұғыла:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Алдияр:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Айша:
Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан,
Жансын жарық жұлдызың.
Би: «Көңіл толқыны»
Нұрбек:
«Боташым »дер саған
Кім сүйікті адам?
Ол-менің анам.
Інжу:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұрмухамед:
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ойын: «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналары жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Айжұлдыз:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бақтияр:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Би: «Қара жорға»
Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.
Тәрбиеші:
Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы,
Міне, осылай қойылым,
Көрсетті «Алау» бақшасы.
Тәрбиеші:
Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Сіздерді «Алау» шағын орталығы бүлдіршіндерінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналар, ардақты әжелер, сүйкімді балаларыңыз әрқашан аман болсын!!!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні 4 сынып

Автор: admin от 21-04-2017, 12:52, посмотрело: 14 415

112 Сабақ тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны
Сабақ негізделген оқу мақсаты Ауаның жер бетіне таралуы , ауа жердің қорғаны екенін түсіну
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар:
• Ауа жайлы білетін мәліметтерді еске түсіреді.
• Жаңа мәліметтермен танысады, талдау жасайды
Оқушылардың басым бөлігі:
• Ауа жайлы мәліметтерді талдай отырып өз ой қорытындыларын жасайды.
• Бірлесе отырып алған білімдерін сараптап, өзіндік тұжырым жасап, пікірін дәлелдей алады.
• Бір -бірімен коммуникативтік қарым-қатынасқа түсіп, өз ойын жеткізе алады.
Кейбір оқушылар:
• Ауаның жер бетіне таралуы жайлы тәжірибе жасай отырып ой тұжырымдарын , пікірлерін дәлелдейді, сынақ
жүргізеді
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Өздері білетін мәліметтерді еске түсіреді, жаңа мәліметтермен танысады
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Метеорит, аққан жұлдыз, синоптик, метеорологиялық станция, ауа райы
Сыныптағы негізгі диолог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Ауаның жер бетіне таралуы: тәжірибе жасау, жіктеу, талдау, болжау жасау
Талқылауға арналған тармақтар:
«Аукцион» әдісі, «Айналмалы бекет» әдісі,
Сіз неліктен..............................................................................екенін айта аласыз ба?
Ауаның тіршілік көзі
Жазылым бойынша ұсыныстар:
«Акроөлең »- ауа райы сөзінің негізінде өлең құрастырады

Алдыңғы оқу
Ауа және ауа райы
/СТО, «Ыстық орындық» әдісі/


Ж о с п а р
І. Ұйымдастыру: «Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек айту.
ІІ. Жеке жұмыс,жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Әдіс - тәсілдер
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізу
- Топ ережесін сақтауын қадағалау Топ ережесі

Басталуы 1 тапсырма: Шаталовтың тірек сызбалары арқылы өз білетін мәліметтерімен бөліседі \ Топтық жұмыс\
2- тапсырма: Ауаның құрамын анықтау \ Жұптық жұмыс\

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы өткенді еске түсіреді
Тақырыптық сурет: Ауа құрамын жазуға арналған қағаз
Оттегі-21% Көмір қышқыл газы-1% Азот-78%
Ортасы

3-тапсырма: Ауаның жер бетіне таралуы\ топтық жұмыс\
- Суда
- Топырақта
- Адам денесінде
- Кез-келген затта
Оқушылар тәжірибе жасау арқылы ауа қызғанда көлемі ұлғаяды, суығанда –кішірейеді, ауаның сығылу, серпілу сияқты қасиеттеріне көз жеткізеді.

4- тапсырма :Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы, желдің маңызы мен зияны \ Көрсетілімнен алған әсерімен бөліседі \

5- тапсырма: Ауа жердің қорғаны \ Ғарышқа саяхат\

Метеорит

Аққан жұлдыз Тәжірибе жасауға арналған құралдар \ Стакандағы су, топырақ, май шам, әйнек, колбаға киілген шар\
Қауіпсіздік ережесі
Видео көрсетілім
Электронды оқулықпен жұмыс
«Айналмалы бекет» әдісі

Аяқталуы

7- тапсырма. Ауа райы сөзіне өлең құрастыру
А-уа қандай тамаша
У-лап,шулап ойнаймыз
А-сыр салып қуанып
Р-ахатқа тоймаймыз
А-уа райы салқында
И-ліге біз қоймаймыз
Ы-нтымақпен ойнаймыз
«Акроөлең» құрастыру
Қосымша ақпарат
Ауаны ластаушы заттар

\ Көлік Зауыт, фабрика Өрт, резина, мұнай
Саралау -
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау -оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы
Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы тақырыпты терең меңгеруді талап етемін

Оқушыларға берілген тапсырмалар негізінде критерий арқылы бағалау жұмысын ұйымдастырамын.
Физика , қазақ әдебиеті, экология
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың оқу мақсаты толық орындалды. Себебі бүгінгі сабақ тақырыбы оқушыларға төменгі сыныптардан таныс.
Ауаның тіршілік көзі екенін білді
Алынған ақпараттарды талдау мен қорыту және қорытынды жасауға қалыптаса бастады.
Оқушылар топтық жұмыста белсенді болды
Уақыт регламентін сақтауды, тиімді пайдалануды ұйымдастыру
Уақытты тиімді пайдалануды үнемі ескертіп отыру

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.Тақырыпты оқушылардың өз беттерімен талдай алуы, мәліметтерді саралап өзіндік пікір білдіруі
2. Тәжірибе жасаудағы белсенділігі

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алмады? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1. Жеке жұмыста оқушылар өз ойларын ашық айта алмады
2. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы жоғары болды

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Оқушылардың топта жұмыс жасауы, олардың жауапкершілігін артыратынын байқадым, әрі өз бетінше
білім алу дағдысы қалыптаса бастады.

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 

Ауа тіршілік көзі. Дүниетану пәні  4 сынып

 


Категория: Іс-шаралар

 

М.д оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жумадилова Галия Даулетхановна

Автор: admin от 21-04-2017, 12:41, посмотрело: 1 242

3 М.д оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Жумадилова Галия Даулетхановна

М.д оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жумадилова Галия Даулетхановна


Туған жылы: 20.06.1974
Туған жері: Алматы облысы , Райымбек ауданы, Жылысай ауылы
Бітірген оқу орны: Қазақтың Ұлттық Педагогикалық Университеті
Пед өтілі- 22 жыл
Санаты: Жоғары санатты, бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері
Пән бойынша курстан өтуі: 2015 жыл
Лауазымы: Оқу ісінің меңгерушісі
Басшылықтан курстан өтуі:2016 жылы
Наградасы: Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Алғыс хаты

Категория:

 

Мектеп директоры Малғараев Ерлан Нүсіпбекұлы

Автор: admin от 21-04-2017, 12:37, посмотрело: 1 127

2 Мектеп директоры
Малғараев Ерлан Нүсіпбекұлы

Мектеп директоры  Малғараев Ерлан Нүсіпбекұлы


Туған жылы: 30.11.1968ж
Туған жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылы
Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы ҚМҰУ 1989-1995жж
Мамандығы: тарих пәнінің мұғалімі
Педагогикалық стажы:26 ж
Санаты: І санатты (13)
Курстан өткен уақыты: 2014-2015 жылдары Назарбаев зияткерлік мектептері желісінде Алматы қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығында» Англияның Кембридж университеті әдістемесі бойынша мектеп басқару курсынан өтті.
Қызметі: «Майлы Орманов атындағы орта мектепМДШО»КММ - директоры
Наградалары: Облыстық, аудандық , Білім бөлімінің құрмет грамотасы

Категория:

 

Мектеп психологі Алишева Назира Скендировна

Автор: admin от 21-04-2017, 12:30, посмотрело: 1 161

1 Педагог – психолог
Алишева Назира Скендировна

Мектеп психологі   Алишева Назира Скендировна



23 қараша 1976 жылы Райымбек ауданы Жылысай ауылында дүниеге келген. 1993 жылдары Максим Горький орта мектебін бітіріп, 2000 ж Әл Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін географ мамандығын алып шықты.
2011-2013 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психология мамандығы бойынша тамамдады. 2014 жылдан бастап география пәнінің мұғалімдігімен қосып психолог қызметін атқаруда.
Негізгі проблемасы: «Оқушы мен мұғалімге оқу үрдісінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру».
2015 жылы «Біліктілікті арттырудың альтернативті технологиясы» бойынша өз білімін көтерген.
2014 жылы Астана қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі курсын
аяқтады.

Категория:

 

Хантәңірі. Тергеуісова Жаңылша

Автор: admin от 21-04-2017, 11:11, посмотрело: 1 508

0 Тергеуісова Жаңылша Ұлдаханқызы

Хантәңірі.  Тергеуісова Жаңылша


Ардагер ұстаз, математика пәнінің мұғалімі «Жанымның нәзік пернесі» атты жыр жинағының авторы

Хан тәңірі

Қатуланған қабағы, ызғарланған,
Қас батырдай, жүрегі мұзға айналған.
Көк тіреген биік шың тәңір сыйы,
Сұлулықты алды екен құздар қайдан?

Бұлт қалпағы үйірілген басында,
Мұз шекпені ерімейді жасынға.
Айбатымен сес көрсетер қазақтың,
Абылайы елестейді расында.

Менсінбейді өзге мынау биікті,
Тәкаппарлық бір басына жиыпты.
Көктен Жерге төніп тұрған Тәңірсің,
Тауып қойған атауыңды сүйікті.

Көз алды сұрғылт бұлттан тұманданып,
Төменде биіктікке құмар халық.
Жыр жазар ем құзар шың мекен болған,
Қыранның қанатынан тұмарға алып.

Тамашала табиғатты құр қалмай,
Ол да саған бар пейілін бұрғандай.
Қалт жібермей Хантәңірі адамның,
Ақ- қарасын ажыратып тұрғандай.

Бақ көтерсе төбең көкке тиіп тұр,
Керегі не жалған бедел жиып құр.
Биік болсаң осы шыңдай тағзым ет,
Халқыңа шын басыңды сәл иіп бір!

Категория: Біз туралы / Әдістемелік жұмыстар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine